№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МҰРАТ ЖОЛЫ

ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МҰРАТ ЖОЛЫ

   Кеңес кезеңінде қазақ халқының тарихы тұмшаланды. Ұлттың тарихы айтылғанымен саясаттың ыңғайына қарай бұрмаланып, теріс түсіндірілді. Шынайы тарихи дамуды түсіндіру амалдары маркстік-лениндік әдіснамаға сай, тап күресін таңумен сипатталды. Әлемдік өркениеттің дамуына лайықты үлес қосқан үш мыңжылдық көшпелі мәдениет еуроорталықтық көзқарастағы алғашқы қауымдық, жабайылық ретінде қарастырылды. Тіпті, Ұлы Дала Елінде мемлекеттілік дәстүрі болғаны теріске шығарылды. Мұнын бәрі санасы отарланған буынның қалыптасуына әкелді. 
    Осындай рухани дағдарыстан алып шығудың жолын Тұңғыш Президент кезең-кезеңімен ұтымты ұйымдастыра білді. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы аясында тарихи орындарын жаңғыртып, жәдігерлерін түгелдеуге мүмкіндік жасады. Ұлттық музейдің төріне ұлттық болмыс-бітім мен қасиет-қабілетін көрсететін жауһарларды жинады. "Бабалар сөзі" және т.б. көп томдық туындылар арқылы ұлттың өткен кезеңдерін ғылыми айналымға енгізді. Бабалардан мұрат болған "Мәңгілік Ел" идеясын ұсынып, мемлекеттілік идеологияныың қайнарына айналдырды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында салт-дәстүрді сақтай отыра жаңарудың, жаңғырудың жолын көрсетті. "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласымен 4 мың жылдық тарихымыздың қатпар-қатпар беттерін ашып, ұлттық кодымыз мыңжылдардан бастау алатынын дәлелді дәйектермен келтірді. Мұнын бәрі ХХ ғасырда жойылуға шақ қалған қазақ ұлтын ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті ұлтқа бастаған рухани тіректері еді. 
    Ендеше, Тұңғыш Президентті қазақ ұлтын ұлы мұрат жолына бағыттаған қайраткер ретінде бағалауымыз қажет...

Набихан ШАЛАПОВ,
Жаңақорған аудандық тарихи
өлкетану мұражайының директоры.
19 наурыз 2019 ж. 1 134 0