№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қалила жайлы 10 дерек

Қалила жайлы 10 дерек


Режиссер-документалист Қалила Омаров ашаршылық лаңын терең зерделеп, алаштану ілімі дамуына үлес қосып, тұлғалардың қайраткерлігін кескіндеп, ұлттық сананы оятып, тарихи жадыны жаңғыртудағы еңбегі елеулі. Ұлттың асыл болмыс-бітімі мен қадір-қасиетін бойына сіңірген шығармашыл азаматтың өткен жолының өзі деректі фильмге арқау болатыны ақиқат. Біз көркем көзбен оның өткен жолынан он деректі тапқан едік. Сонымен...

Ташкент. 1957 жыл
Айқожа ишан мешіт-медресесі жабылып, киелі орын аяқ астына айналады. Ишан ұрпақтары түрлі желеулермен қуғынға ұшырайды. 1957 жылы 4 мамыр. Ташкент маңындағы Алмазарда аштықтан босқын қазақтарға пана болған кепелердің бірінде, шошқа тікен қаптаған табанына, дүние есігін ашқан Қалиланың кіндік қаны тамады. Сондықтан болар, Қалиланың: – Менің кіндік қанымның өзі қазағымның мұңлы тарихына суғарылған, – дейтіні.

Ленинград. 1978-1984 жыл
1978 жылы Ленинград (Санкт-Петербург) мәдени-ағарту училищесінің кино-фото факультетіне оқуға түседі. 1982 жылы күйші-сазгер Құрманғазы туралы түсірген «Кісен ашқан» қысқаметражды фильмі «Ақ түндер-82» кинофестивалінде бас бәйгені жеңіп алады.
Мәскеуден жіберілген Л.Гайдайдың қолы қойылған дипломды беріп тұрған ұстазы Вячеслав Героев: – Қалила сенің қолыңа «кино документалист» атты алмас қылыш ұсынып тұрмын. Ұлтыңа жұмсасаң, қазақтың батасын аласың! Өтірікке жұмсасаң өз басыңды рухани жалмайсың! – дейді.
Бүгінде Қалила ұлт мұраты жолында аянбай қызмет етіп, жұрттың тілеуін, елдің алғысын алып отырған режиссер.

Жаңақорған. 1984-1987 жылы
Аудандық мәдениет үйінде Халық ақыны Манап Көкенов, композиторлар Бексұлтан Байкенжеев, Сауран Елеуов, Дүйсенхан Сыздықов, театр режиссері Әмір Мәжитов және т.б. шығармашылық иелері Қалилаға ағалық қамқорлық көрсетіп, бағыт-бағдар береді. Ағалар мектебінде азаматтық қарым-қабілеті ұшталып, елге қызмет көрсету жолына түседі.

Алматы. 1991 жыл
«Қазақтелефильм» студиясының директоры Кәрім Танаевтың Сағат Әшімбаевқа соңғы сәтіндегі аманат сөзі: – Қалилаға қарайла. Ол жас қалып барады. Қазақи киносымен әлем тарихты ашады...
Кәрекеңнің үкілі сеніміне селкеу түсірмеген Қалила ұлттың руханиятын байытатын туындыларын сыйлады.

Алматы. 1992 жыл
Қазақ филармония залында Сергей Азимовтың қолынан операторы Мұстафа Өсер екеуі тұңғыш Қазақстанның Жастар одағы сыйлығы лауреаты атағын иеленді. Шәкіртінің қуанышына Әмір Мәжитов сахнада арнау өлеңін оқыса, залда төбесі көкке жеткендей мәз болып әкесі Нематулла отырды. Кеште сөз алып: – Қалила небір ақымақтық қылықтарыңды кештім. Әкемнің аманатын орындағаның үшін деп көзіне жас алды, – дейді.

Алматы. 1996 жыл
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын жеңіп тұрған жерінен қарсыласы Сатыпалды Нарымбетовке (қамқоршы ұстазы Кәрім Танаевтың жан досы болғаны үшін) жолын береді. Мұндай азаматтық екінің бірінің қолынан келе бермейтіні даусыз.

Алматы-Кентау-Мәскеу. 2014 жыл
Театр сыншысы Әшірбек Сығай туралы деректі фильм түсіру барысында кейіпкер мен режиссердің рухани байланысын арта түседі. Қалиланың азаматтықтық көзқарасын жоғары бағалаған театр қайраткері: – Тек бір ғана шартым бар. Басыңды кессе де турасын айтта қой, – деп батасын береді.
Содан әлеуметтік желіде «Қалиланың сұрақтары» атты жаңа шығармашылық сыни көзқарастағы қыры ашылды.

Алматы-Жаңақорған. 2016 жыл
Бабасы Айқожа ишан және оның замандастары Кенесары хан, Сасықбай мен Көкен батырлар арасында болған «Жаңақорған трагедиясына» арнап Қалиланың өзі «Айқожа ишан» тарихи драмасы пьесасын жазады. Оны Жамал Аблазимованың қаржылай демеушілігімен Дінмұхамед Әбжаппаровтың Алматыда «Мирас» антреприза театрында сахналады. Режиссері әрі Айқожа ишан ролінде Бақыткелді Темірбеков.
Л.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасында Досай Кенжетайдың басшылығымен «Айқожа ишан діни рухани мұрасы» ғылыми айналымға бет бұрды. Игілікті істе Қалила көп еңбек сіңіреді.

Алматы. 2017 жыл.
Қазақ филармония залында Қалиланың 60 жасқа толуына орай «Антисуайт Қалила» трагикомедиялық спектаклі қойылды. Қоюшы режиссері Дінмұхамед Әбжаппаров. Мазмұнды кештің жоғары деңгейде өтуіне Дәулет Тұрлыханов, Жанболат Сарсенов, Аманжол Аблазимов және Айбар Субалов демеушілік жасады. Осыдан-ақ, Қалиланың жұрт алдындағы құрмет-беделін аңғаруға болатындай.

Алматы. 2018 жыл
Ақ таңдақ тарих беттерін деректі киноға айналдыру жолындағы тағдыры туралы «Жаңақорғандық дуананың хроникалары» атты роман мемуары мен «Бауыржанды сүйген есалаң махаббат» күнделігі және т.б әдеби жазбалары да өз баспагерін күткелі қашшан. Режиссер осы бағытта ізденіп, мазмұнды туынды сыйлайтынына сенеміз...

P.S.: Болмысы ерек, бітімі бөлек Қалила Омаров ұлттың рухани жаңғыру жолында еңбек сіңіре беретіні даусыз. Оған оның шығармашылық потенциялы жетеді. Тек ойы ұшқыр, сөзі жүйелі азаматты рухани қолдап жүрсек болғаны...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
23 қаңтар 2018 ж. 1 592 2

Гость Jeahulalf от 25 ақпан 2019 10:13
Cialis Levitra Viagra Compare Viagra Cialis Levitra Combo Packs Medicament Cialise http://ausgsm.com Torsemide Generique Xenical Propecia Hpb

Гость Jeahulalf от 14 наурыз 2019 06:19
Buy Clonodine Without Rx cialis 5mg best price Cialis Apotheke Niederlande