№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ТҰҒЫРЫМЫЗ АЙҚЫНДАЛДЫ

ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ТҰҒЫРЫМЫЗ АЙҚЫНДАЛДЫ

   Ұлттың уақыт пен кеңестіктегі орнын айқындап, тереңнен тартатын болмыс-бітімін анықтау аса маңызды мәселе. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп мән беріп, жаңарудың, жаңғырудың жолын көретті.


  Расында, адамзат өркениетінің бетбұрыс кезеңдерінде «Ұлы Дала Елі» шешуші рөл атқарып, тың бағыттарға бұрды. Міне, бағдарламалық мақалада осындай ұлттық рухтың айрықша салтанат құрғаны көрсетілді. Яғни, стратегиялық сипатқа ие бұл мақала ұлттық тарихты дұрыс бағамдап, зерттеуге тың бағыт-бағдар берді.
   Қазақ даласы – адамзаттың киелі қайнары, түркі жұртының қарашаңырағы. Ендеше, «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті».
Бұл ретте, Елбасы ғалам жұрты мойындайтын үш айғақты нақтылап берді.
Біріншісі, протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр.
   Екіншісі, біздегі зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды.
Үшіншісі, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Елбасының еңбегін оқи отырып көкірек көзіміз ашылып, төбеміз көкке жеткендей әсер аламыз.
  «Ұлы даланың жеті қыры» алаш сахарасының тарихи мән-маңызы көрсетіп ғана қойған жоқ. Ұлттық тарихты жаңа қырынан тануды міндеттеді. Мәселен, 4 мың жылдық ұрпақтар сабақтастығын көркем әдебиет, кино, театр арқылы насихаттап, түсіндіріп, тарихи концепциясын жазу арқылы негіздеу керек-ақ. Әсіресе, ықылым замандардан сыр тартатын архивтегі деректерді ғылыми айналымға енгізіп, тарих толқынындағы рөлімізді айқындау ұлттық рухты көтеруде қажет болып тұр. Себебі, тұғыры жоқ адамның салмағы да сарасы да жоқ.
   Президент тарихи-танымдық туындысында өз ойларын түйіндей келе мынадай тұжырым жасайды: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы».
Өкінішке қарай, құлдық қамытта езіліп, қуғын-сүргін мен алапат аштықты басынан өткізген халқымызда «мақтаныш сезіміне» қарағанда, «үрей синдромы» басым болды. Тіпті, Кеңес заманының зардабы тарихи тұлғаларды да тануға, ғибратты өмірінен үлгі-өнеге алуға кедергі келтіріп келеді. Мәселен, Сыр бойындағы мәңгілік сая тапқан әулие-әмбиелер мен мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен жыршы-жыраулар жатыр. Олардың кез-келгені тарихи өтпелі кезеңдерде ұлттың дамуына қомақты үлес қосты. Оларды насихаттап, жастардың рухын өсіруге пайдаланатын кез келді...
   Бір сөзбен айтқанда, Ұлы даланың жеті қырымен таныса отырып, арғы тегімізді түгендеп, тарихымызды жаңғыртып, келер ұрпаққа кемел тарих аманаттауға таптырмайтын жоба. Бұған өз деңгейінде атсалысу әрбіріміздің міндетіміз...

Әбілғазы ТӨЛЕГЕНОВ,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
10 желтоқсан 2018 ж. 1 643 0