№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БЕЛСЕНДІ АЗАМАТ – ЕЛ ЫРЫСЫ

БЕЛСЕНДІ АЗАМАТ – ЕЛ ЫРЫСЫ

Қызылорда қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ардагерлер арасында «Қазақтың даналық ғибратты сөздері» атты байқау өтті. Оған аудан атынан Ізатілла Нәрзілдаев пен Тынышкүл Асанова барып қатысты.


   Ұлы даланың даналық сөздері мен өсиетін насихаттауды мұрат еткен байқауда жастардың бойына салт-дәстүр негізінде адамгершілік пен адалдық, имандылық пен инабаттылық қасиетін сіңіруді көздеді. Яғни, ұлттық дүниетаным негіздерін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты, ғибратты сөздерді жастарға түсіндіру, сол сөздерден өнеге алуға баулу. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы бабалар мұрасымен ұштасып жатыр. Осының парқы өзек болды.
  Қашанда сергек, белсенді жүретін Ізәтілла Нәрзілдаұлы облыстық байқауда өнерімен көпшілікті тамсандырып, бас жүлдені алды. Ал, Тынышкүл Асанова ұйымдастырушылардың арнайы сыйлығына ие болды. Осылайша жаңақорғандық ардагерлер аудан мерейін асырып қайтты.  Расында, Ізатілла Нәрзілдаев қоғамдық жұмыстарға өте белсенді. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалы мен аудандық ата-аналар кеңесінің төрағасы.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын белсенді қолдаушының бірімін. Ауданда «Нұр Отан» партиясы филиалының негізін қалауға қатыстым, қаншама жыл сайлау комиссиясына араластым.
Қазір Елбасының халықшыл бағдармаларын ерікті түрде насихаттауды міндет санаймын. Әсіресе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлттық сананы жаңғыртып, езілген енсені серпуге қуат берді. Ал, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы төл тарихымыздың көкжиегін кеңейтіп, алдағы міндеттерімізді жүйелеп берді. Жастарды тарихпен тәрбиелеудің ерен үлгісін көрсетіп, тарихи жадымызды мыңжылдықтарға кеңейтті. Ендігі мақсат «Мәңгілік Елге» бастайтын осындай мұрат-мақсаттарды дәріптеу, – дейді ел ағасы І.Нәрзілдаев.

                                                                                                                                                Ерлан РАЙЫМБЕК.
27 қараша 2018 ж. 1 356 0