№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » БОЙЫНДА БАР БІЛІМІН БЕРЕ БІЛГЕН...

БОЙЫНДА БАР БІЛІМІН БЕРЕ БІЛГЕН...


1990 жылы іргетасы қаланып, 2004-2005 оқу жылына дейін 9-сыныптық білім ошағы болған Ақсуаттағы №245 орта мектебі талай түлектің қиялына қанат бітірді. Бүгінде 142 бала тәлім алатын аядай ғана мектеп шәкірттері аудандық оқушылар олимпиадасында жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Әсіресе, мәнерлеп оқудан көштің басында жүретін ақсуаттық жастардың шыққан биігі бір төбе. Осындай шәкірттер тәрбиелеп келе жатқан ұстаздардың еңбегі қашанда ерек. Ал, мектеппен бірге жасап келе жатқан Айгүл Жүнісованың орны қашанда төрде. Себебі, ауыл балаларын тәрбиелеуде 30 жылдан аса қызмет етіп келе жатқан ұлағатты ұстаздың еңбек жолы жас ұрпаққа үлгі. Осыны ескеріп арнайылап Өзгент ауылдық округі, Ақсуат ауылына бет алдық.
Колхоздастыру кезінде құрылған ауыл­дағы ағайынның негізгі еңбек көзі ауыл шаруашылығы. Төрт түлігін түлетіп, егістегі егініне орақ салуға қамданған ақсуаттықтар күйбең тіршілік үстінде. Жергілікті жұрт тек мал және егіннен бөлек балық шаруашылығына да дем беріп келеді. Сыр беткейдегі шағын ауылдың күнделтікті тыныс-тіршілігі осындай.
Уақыт күттірмей мектепке келдік. Есік алдынан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нариман Үсенұлы күтіп алып, жол бастады. Алдымен, мектеп ішін аралап, оқушылардың сабақ барысымен танысып шықтық. Одан кейін негізгі кейіпкеріміз қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айгүл Абибуллақызына жолықтық.
– Бала кездегі арманым ұстаз болу болатын. Шүкір, мақсатыма жеттім, арманым орындалды. Бар өмірімді осы салаға арнап келе жатқаныма еш өкінбеймін, қайта мақтан етемін. Адам баласы өз ісін шын сүйсе одан білікті маман шығатынын ұмытпаған абзал, – деп әңгімесін бастады Айгүл апай.
Қазіргі Алматыдағы Қыздар педагогикалық университеттің 1984 жылы бітіргеннен кейін, өзі түлеп ұшқан Қожакенттегі №168 мектепке қызметке орналасады. Жоғары оқу орындарынан ұсыныс түссе де шаңырақтың үлкені Айгүл ұстаз ауылда қалуға бел байлайды. Екі жылдан кейін Миялы шаруашылығында хатшы болып қызметке орналасқан болашақ педагог абыройлы қызметті 5 жыл атқарады. Алайда, бойындағы қасиет оны қайтадан ұстаздық жолға алып келеді. 1991 жылдан 1997 жылға дейін директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі, одан кейін 2005 жылға дейін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келген Айгүл апай осы жылдар ішінде бірнеше шәкірт тәрбиелеп өсірді.
– 2006 жылдан бері ҰБТ-ға бала дайындау жүгі маған тапсырылды. Сол жылы екі оқушым 30 балл жинап, төбем көкке бір елі жетпей қалған еді. Міне, сол жылдан бастап шәкірттерім жақсы нәтижеге қол жеткізіп келеді. Амандық болса, шәкірттерім бұдан да биіктерден көрінеді деген сенімдемін, – деді мұғалім.
Иә, Гүлжанат Асылбаева, Гүлдерай Түгелбаева, Толқын Әбдіхалықова сынды шәкірттері үздік бітіріп, бүгінде ұстаз жолын жалғап келеді. Ал, осыдан бес жыл бұрын бітірген Гүлсезім Әбдіқадыр Арқалық қаласында ғылыми жобамен айналысып жүрсе, Бақдәулет есімді жас өнерпаз Сыр өңіріне өзіндік өнерімен танылып үлгеріпті. Аңғарғанымыз, осы уақытқа дейін ҰБТ тапсырған түлектердің ішінде міндетті түрде әдебиет таңдап, жоғары балл жинайтын шәкірттер бар екен. Әсіресе, ұстаздық саланы таңдауға ниетті оқушылар көп көрінеді. Иә, мұның бәрі білікті педагогтың бала жүрегіне жол тауып, саналы шәкірт тәрбиелеудегі тәжірибесінің толысуын көрсетері анық.
2014 жылы Айгүл Жүнісова алғашқылардың бірі болып 1-ші деңгейлі оқу оқып келіп, ізінен ерген педагогтарға сабақ өткізіп келеді. «Көркем әдебиет стилі» тақырыбында Сыр беткейдегі ұстаздар тәжірибе алмасуға жиі келеді. Яғни, желілік қоғамдастықтың жұмысы жүйелі екен.
– Айгүл апай менің де ұстазым болған жан. Сол кісіден тек білім алып қана қоймай, ұстаз болудың қыр-сырын меңгердік. Шүкір, бүгінде бір мектептің тізгінін ұстап келеміз. Мұның барлығы осындай ұлағатты ұстаздардың тәлімі деп білемін, – деді мектеп директоры Нүркен Смет.
Бірлікте туылып, Қожакентте тәлім алып, бүгінде Ақсуаттағы шаңырақтың шамын жағып отырған ұстаздың екі қызы да ана жолын жалғап келеді. Ал, ұлы ата жолында жүріп, мал шаруасында.
Жақсы ұстазда екі қасиет болу керек дейді кейіпкеріміз. Бірі – жақсы мінез, екіншісі – жылы сөз. Осы екеуі бойынан табылған әрбір мұғалім ұлағатты ұрпақ тәрбиелей алады. Біз бүгінгі сапарымызда осындай жанмен дидарласып қайттық.

Әлібек ТЕМІРБЕК.

#Жаңақорған #Білім
09 қазан 2018 ж. 1 650 3

Гость Jeahulalf от 11 ақпан 2019 12:11
Oct Products Similiar To Lasix Acheter Du Cytotec buy generic cialis All Needed Pills Ed Pills Comparison

Гость Jeahulalf от 3 наурыз 2019 17:44
Pyridium Amex http://allngos.com Priligy Quanto Tempo Prima Amoxicillin And Clavulanate Tablets

StevBlubof от 8 мамыр 2019 10:49
Cialis Et Prostate viagra Propecia Side Effects Sperm Count Keflex Pills