№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сыйластық


Қазақ ұлтында «Сыйға найза болмайды» дейтін ұлағатты ұғым бар. Бұл ұғымның өмірден алынған философиялық терең мәні бар екендігіне ешкім күмән келтіре алмайды деп ойлаймын. Сыйластықтың өзіндік формасы мен мазмұны, қыр-сыры бар. Мен осы тақырыпта сыр тарқатсам деймін. Жаңақорған өңірінде Жолдыбайдың Ысқағы есімді қария болған. Осы кісінің Ойшы есімді ұлы 1932 жылы өмірге келді. Білім қуып Алматыдағы ауылшаруашылық институтына инженер-механик мамандығын дайындайтын бөліміне оқуға түседі. Бұл 1949 жыл болатын. Ойшы Оңтүстік өңірдің азаматы.
Дәл осы жылы Сотүстік өңірдің түлегі Ысқақов Жақсылық Ойшыекеңмен құрдас, әрі фамилиялары сәйкес болып, таныстықтың алғашқы әліппесі бастау алады. Таныстықтың негізгі себепкері екеуінің де фамилиясы Ысқақов болуы еді. Жақсылықтың болмыс бітімі мен Ойшыекеңнің болмыс бітімі ұқсас қана емес, жандүниелері жарасымды сәйкестік тауып, қарым-қатынастары қалыңдай түседі. Оқуды бітіріп Жақсылық Солтүстік, Ойшы Оңтүстік өңірге аттанады. Осы айрылыстан кейін жақын араласуға мүмкіндік кем болғанымен, хат-хабар алмасу үзілмеді. Осы уақыт аралығында Ысқақов Жақсылық үш ауданның бірінші хатшысы, Павлодар облыстық Советі атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, кейін облыстық Совет атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарып, осы қызметтен зейнеткерлікке шыққан азамат. Ысқақов Ойшыекең алғашқы кезде жәй инженерлік қызметтен бас инженерлікке дейін өсіп мекемеге басшылық жасады.
Өмір болған соң әрқилы тосын жағдайлар болады ғой. 2007 жылы Ойшыекең қант диабеті дертіне шалдығып 2011 жылы екі аяғына да операция жасалып, кесілді.
Десе де Алланың салған ауыртпашылығына шүкіршілік жасап, бір адамдай-ақ өмір сүріп келеді. Өткен өмірінен түйіндеген ойлары, пікірлерін жинақтап «Менің өмір мектебім» және «Көргендерім мен көңілдегілерім» деп аталатын екі кітап шығарды. Өзінің денсаулығының дімкәстігіне қарамай сонау Алматыдан елімді, жерімді көрейін деп жол тартып, туған жерге келгенін үлкен ерлік, парасатты азаматтылығы деп санауға толықтай негіз бар. Өзінің 66 жылғы досы Ысқақов Жақсылықты жолсерік етіп, туған жерге сапарында Жақсылық та досының қалауын құптап, жарайды деп келісімін берді. Қандай жарасымды.
Қос тұлғаның бұл сапарлары елге есеп беру іспетті. Жақсылық осы сапарында Ойшыекеңнің елінің, ағайын туыстарының ықылас ілтипатын көрді. Сыйластықтың қыр-сырымен танысты. «Бұл дүние шолақ екен, адамдардың бір-біріне қонақ екеніне» көз жетті. Мүмкіндігінше адамдар дүрдараздықта емес, сыйластықта болғанын дұрыс ұғыну керектігін көрді. «Жолдасыңның кім екенін айтсаң сенің кім екеніңді айтпай-ақ танимын» деген ғой ойшылдар.
Қос қария елдегі еңсесі биік ел ағаларының отбасына арнайы соқты. Ел де төріне шығарып төредей етіп күтті, ықыласын төкті. Ертесіне киелі мекеніміздегі қасиетті орындарға тәу етіп барып, тағзым қылды.
Осы орайда жазушы Шерхан Мұртаза: Дос екі түрлі сипатта дос болады. «Бірі амал дос, екіншісі адал дос» деп даралайды.
Ойшыекең мен Жақсылықтың араларындағы достық шынайы, өнеге етерлік, үлгі етерлік силастық, достық еді.
Жүніс Үпенұлы,
Жаңақорған кенті.
01 қазан 2018 ж. 1 160 0