№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күйші Динаның ізбасары дүниеге келді

Күйші Динаның ізбасары дүниеге келді


Шілде айының алғашқы жексенбісінде жер-жерде домбыра күні мерекеленді. Бұл мерекенің қазақ үшін орны бөлек. Себебі, ұлттың болмыс-бітімі мен қадір-қасиетінен сыр шертетін домбыра мен қазақ егіз ұғым. Содан болар Қадыр Мырза Әлі «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп өлеңге қосты...
Осынау шуақты күні Мәжитовтер әулетінде үлкен қуаныш орын алды. «Қос тойың қабат келсін» демекші, бұл шаңырақта перзент дүние есігін ашты. Бақытты ананы құттықтау үшін аудан әкімі Ғалым Әміреевпен бірге перзентханаға жол тарттық.
Аудандық аурухана алдынан бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зәуреш Тілепбаева күтіп алып, жол бастады.
– Қанша нәресте дүниеге келді?
– Бір қыз.
– Денсаулығы жақсы ма?
– Иә, баланың да, ананың да денсаулығы бірқалыпты. Ең бастысы, керекті ем-домын қабылдап жатыр. Жақын арада үйіне шығып қалады, – деп жауап қатты дәрігер аудан басшысына. Сонымен, іңгәлаған сәбилер үні естіліп жатқан аналар бөлмесіне беттедік.
Дәулет Мәжитов пен Жұлдыз Нысанбекованың отбасында дүниеге келген бұл төртінші сәби екен.
– Қалыңыз қалай?
– Шүкір, жақсымын.
– Елбасының жарлығымен бекітілген қазақтың төл мерекесі құтты болсын. Қызыңыздың бауы берік болсын. Ертеңгі елдің бетке ұстайтын қызы болғай. Бәрінен бұрын денсаулығы мықты болып, келешегінен үлкен үміт күттіретін жан болуына тілектеспін. Ата-әжесінің көз қуанышы болып жүре берсін, – деп ізгі тілегін білдірген Ғалым Махмұтбайұлы ұлттық мереке қарсаңында гүл шоғы мен домбыра тарту етті.
Ал, сәбидің есімі де ерекше екен. Әбілпейіз атасы немересіне қазақтың күйші анасы Дина Нұрпейісова сынды белгілі тұлға болсын деп ырымдап есімін «Дина» деп қойыпты.
– Ең бірінші аудан басшысына алғыс білдіремін. Мереке күні елеп-ескеріп, арнайы келіп құттықтап жатқаны қуанышымды еселі етті. Бұл менің төртінші құрсақ көтеруім, бұйыртып жатса қазақтың санын көбейтуге қарсы емеспін. Жаратқан нәсіп етсе болғаны, – деді Жұлдыз Ахметқызы.
Біз де бақытты ананы құттықтап, перзентіне зор денсаулық тіледік.

Әли ТЕМІРБЕК.
03 шілде 2018 ж. 1 392 0