Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жеңіл өнеркәсіп – тұрақты дамудың 5 жылы

Жеңіл өнеркәсіп – тұрақты дамудың 5 жылы


Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Үкімет жеңіл өнеркәсіпті әлеуметтік маңызы жоғары сала ретінде айқындап, соңғы бес жыл ішінде оның тұрақты өсім көрсетіп келе жатқанын атап өтуде.

Кәсіпорындарды қолдау мақсатында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өндірістерді жаңғырту, сондай-ақ басым бөлігі шағын және орта бизнес субъектілері болып табылатын отандық өнімдерге сұранысты ынталандыру жұмыстарын жалғастыруда.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 22,6 пайызға өсіп, 259,5 млрд теңгеге жетті. Отандық жеңіл өнеркәсіп құрылымында тоқыма өндірісінің үлесі – 61,3 пайыз, киім өндірісі – 32,2 пайыз, ал былғарыдан жасалған бұйымдар өндірісі шамамен 6,5 пайызды құрайды.
2025 жылы елімізде рекордтық көлемде – 466 мың тонна мақта жиналды. Осы шикізаттан 116,1 мың тонна мақта талшығы, 500 тонна жіп, 5 миллион шаршы метрден астам мата және шамамен 29 миллион дана дайын тоқыма бұйымдары өндірілді.
Биылғы жылдың басынан бері жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,3 есеге ұлғайды. Бұл саладағы тұрақты өсім мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін және отандық өндірушілердің әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді.
07 шілде 2026 ж. 154 0