Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СОЛТҮСТІКТЕ ЖЕРІҢ БАР, оны иесіз қалдырмайық, ағайын!

СОЛТҮСТІКТЕ ЖЕРІҢ БАР, оны иесіз қалдырмайық, ағайын!


Көш. Бұл сөз халқымыз үшін қасиетті ұғым, қастерлі сөз. Қадым замандардан алаш жұрты Ұлы Дала Елінде көшіп-қонып, елдігін сақтады. Тәуелсіздіктің таңы атқалы жаһан қазақтары атажұртқа бет түседі. ХХ ғасырдың 90 жылдардың аяғында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көшті солтүстікке бұрды. Шыны керек, сол кезде славян ұлттары басым солтүстік облыстарда геосаяси жағдайы тұрақсыз болатын. Ақмола орталық ретінде таңдалып, көш жаңғыра түсті. Осылайша, ішкі миграцияның арқасында Астана қазақы қалыпқа енді. Алайда солтүстік пен шығыстағы облыстарды игеру мәселесі күн тәртібінен әлі түскен жоқ.
Көштің ішінде ондаған жылдар мен де болыптым. Білім іздеп Павлодар даласына аяқ тиді. Жоғары мектепке түскен жылдары (2003-2007 жылы) қазақ тілінде тілдесетін дүкеншіні іздеп, қаланы шарлайтынымыз бар-тұғын. Уақыт өте сатушылар қазақ тілін қолдана бас­тады. Оған Өзбекстан мен Моңғолиядан келген қандастардың үлес салмағы артуы себеп болғаны ақиқат. Ал, қызметке араласқан жылдары «серпіндіктердің» саны артып, кез-келген қоғамдық орындарда қазақ тілінің үстемдігі орнай бастады. Бірақ, ондағы славян ұлт өкілдерінің өмірге көзқарасы бөлектеу. Олар болашағын қоғамдық және гуминитарлық саламен байланыс­тырмайды. Төрт жыл университет қабырғасында уақыт жоғалтқанды да құптамайды. Колледж­дерде техникалық білім алып, зауыттарда жұмыс жасап, табысты болудың жолын табады. Сосын қос-қостан жылжымайтын мүлік (пәтер және т.б) алып, оны қазақтарға жалға береді... Міне, Үкіметтің «Серпін» бағдарламасы арқылы оңтүстіктегі жастарды техникалық білім игертіп, зауыт-фабрикаларға мамандар дайындап жатқанының сыры осында.
Енді ішкі миграция мәселесі қайдан шықты? Соған тоқталсақ. Демографтардың мәліметінше, 2050 жылға қарай елдің солтүстік өңірлеріндегі халық саны млн. адамға қысқарып, керісінше оңтүстікте 5,2 млн. өсуі мүмкін. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай халық саны 20,3 млн. адамды құрамақ. Оның 52,7 пайызы оңтүстік облыс­тарда шоғырланады. Яғни, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысы және Астана мен Алматы қаласына тиесілі болмақ. Ал, осы кезеңде Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында халық саны кеми түседі.
Мұны екі халық санағының арасында аймақтардың табиғи өсімінен-ақ байқауға болады. Мәселен, Павлодар облысында 85,6 пайыз, Ақмола облысында 78,6 пайызға төмендеген. Тек Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында халықтың дәстүрлі өсу тенденциясы сақталған.
Жалпы, Оңтүстік Қазақстанда бала туу көрсеткіші жоғары. 2016 жылы республикада 403 200 бала дүние есігін ашса, соның 79 160-ы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. (Бала туу көрсеткіші Қызылорда облысында да екі есеге өскен. (2009 жылдың қорытындысы бойынша Сыр өңірінде 99699 бала өмірге келіпті). Солтүстік Қазақстанда жылына 7000 бала өмірге келсе, оңтүстікте бір перинаталдық орталықтың өзінде 8000 сәби туады екен. Оңтүстік пен солтүстіктің арасындағы бала туу көрсеткіші 10 еседен көп.
Қазір халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерде екі қолға бір күрек табу мәселесі өте өзекті. Керісінше, Солтүстік аймақтардың өндіріс орындары мен шаруа қожалықтарында жұмыс күші тапшы. Елдегі тепе-теңдікті реттеудің бірден-бір жолы – Солтүстік облыстарға қоныс аудару. Бұл мәселеге Елбасының «100 нақты қадамында» назар аударды. Осыған байланысты Павлодар, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облысы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында жұмысқа шақырып отыр.
Осы деректерді дұрыс пайымдап алған адам солтүстікке көштің маңызды екенін түсінетіні анық.

СОЛТҮСТІК ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ

Жалпы, жылда солтүстік облыстардан жұмысқа шақырту келіп жатады. Биыл да бірнеше өңір жұмыс ұсынып отыр. Мәселен, Қостанай облысы Алтынсарин ауданы кітапханашы, математика, тарих пәнінің ұстаздарын шақырады. Ал, Аманкелді ауданында тракторист-машинист, механизатор, пекарь мамандары қажет. Жетіқара ауданында акушер, эндокринолог, онколог, психиатр, педиатр, невропатолог, терапевт мамандарына сұраныс жоғары. Жалпы, Қостанай қаласы және Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Сарыкөл, Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту орталығы оңтүстіктің тұрғындарын қабылдауға дайын.
Солтүстік Қазақстан облысында 1162 бос жұмыс орындары бар. Айыртау, Ақжар, Аққайың, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, Қызылжар, Тайыншы, Уәлихан, Шал ақын ауданы мен Петропавл қаласы педагог, дәрігерлік, техникалық қызметтер ұсынып отыр.
Павлодар облысының жұмыспен қамту орталығы жұмыс бабымен көшкісі келетіндердің көші-қон шығындарын өтеуге, пәтер жалдауды субсидиялауды мойнына алатынын мәлімдепті. Ақсу қаласында – 50, Екібастұз қаласында – 29 бос жұмыс орны бар. Сондай-ақ, Ақтоғай, Ертіс, Баянауыл, Железинка, Қашыр, Лебяжі, Шарбақты, Успенка және Май ауданында 526 жұмыс орны.
– Жұмыспен қамту орталығына 423 адам жұмыссыз ретінде және 286 жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. Әрине, біз оларға жұмыс тауып беруге жұмыс жасаймыз. Дегенмен, солтүстік облыстарда тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік мол, – деді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Абдіғанит Ахметов.
Бөлімнің мәліметінше, Жаңақорған ауданынан 2015 жылы екі отбасы солтүстікті бағытқа алыпты. Қазір олар ортаға сіңісіп, табысты еңбек етіп жатыр екен.
Әрине, ұлы мен қызы көз алдында жүргенге не жетсін? Алайда, солтүстікте қанша елді мекен бірінен кейін бірі өмірін тоқтатып, картадан жойылып жатыр. Бабадан мұра болған жерді иесіз қалдыруға болмайды. Ойланайық, ағайын!..

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
06 ақпан 2018 ж. 1 163 0