№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚҰПИЯСЫ ҚАЛЫҢ ҚҰМИЯН ҚАЛАСЫ

ҚҰПИЯСЫ ҚАЛЫҢ ҚҰМИЯН ҚАЛАСЫ


Жаңақорған ауданында археологиялық тұрғыда әлі де толық зерттелмеген Құмиян, Қырөзгент, Аққорған сияқты ортағасырлық қалалар бар.

   Құмиян қаласы Келінтөбенің оңтүстік-батыс жағында 10 шақырым жерде, Сырдарияның құрғап қалған арнасынан 3-4 шақырым қашықтықта орналасқан. 7-12 ғасырларда өмір сүрген. Құмиян тік төртбұрышты қамал қала, көлемі 210х180 метр, қала сыртындағы қорғанның кейбір сақталған биіктігі 5-6 метр, дуалының ені шамамен 3-3,5 метр болады. Қаланың оңтүстік жағындағы екі бұрышындағы мұнараның құлаған орны 2,5 м төбе болып үйіліп жатыр. Қорғанның құрылыс жүйесіне қарағанда төрт жағында бес-бестен мұнара болған. Мұнаралардың арасы 35 метр болады. Қаланың қақпасы оңтүстік-шығысында орналасқан. Қорғанның сыртында айналдыра ені 8 метр, тереңдігі 1,5-2 метр ор болған. Құмиянның ортасында көлемі 45х45 метр цитаделі сақталған. Алайда екеуінің ішінде ешбір құрылыстың ізі байқалмайды. Дегенмен солтүстік-батыс жағындағы бұрышта шағын ғана төбенің орны байқалады. Соған қарағанда шаһристан ішінде құрылыс жүйелері болған деген ой тудырады. Қала үстінен теріп алынған қыш ыдыстардың ернеуінде жапсырылған жиектері, су тасуға арналған құмыралардың тұтқалары әсем жасалған. Ас ішуге қажетті ыдыстардың түптері дөңгелек. Олардың көпшілігінде ақ ангобанның үстінен көк, қоңыр сырмен өрнектер жүргізілген. Ыдыстардың сырлары Отырар қаласының он бірінші мәдени қабатынан алынған ыдыстарға ұқсас келеді...
«Жаңақорған» кітабынан.
14 наурыз 2018 ж. 2 309 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 23:43
Viagra Quanto Dura buy viagra online Cephalexin Respiratory Pet Rats Order now on line isotretinoin medicine fedex shipping

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 18:51
Puedo Tomar Cialis Ayunas Cacdian Pharmacies Anitbiotics п»їcialis Nimotop