№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ана тілі – асыл қазына

Ана тілі – асыл қазына


Соңғы уақытта ана тілдің айналасында көп мәселе талқыға түсіп, мемлекеттік тілдің мәртебесі жайында түрлі пікірлер қалыптасуда. Дұрысы, ана тілдің айбынын асқақтатып, төр тұғырына қондыратын уақыт келді. Тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы бола білген қаза тілінің қадірін ұғынып, қасиетін айқындайтын мезгілге де жеттік.


Тіл – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­станда көрнекі ақпаратта орыс және қазақ тілін пайдалануды регла­мент­тейтін заңға қол қойды. Жаңа Ережелерге сәйкес көрнекі ақпаратты орыс тілінде жазу енді міндетті бол­майды. Сондай-ақ жол белгілеріндегі жазбаларды мемлекеттік тілде жазу, хабарландыруларды, жарнамаларды, баға белгілерін, мәзірлерді, нұсқауларды да қазақ тілінде жазу мүмкіндігіне қол жеткізілді. Мемлекеттік тіл шын мәнінде ұлттық саясаттың өзегі, діңгегі дейтін болсақ, қазақ тіліне басымдық беріп, техника, экономика, саясат тіліне айналғаны жөн.
2021 жылдың соңында Түркістан қаласында өткен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VI құрылтайында бірнеше мәселе көтерілгенін айттыңыз. Сол бағытта жұмыстар атқарылуда? Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту және оның қоғамдағы ролінің маңызды екенін ескеріп, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамын елордаға көшіру, өңірлердегі филиалдарын кеңейтіп, материалдық базаларын нығайту енді қолға алына бастады. Жиында электрондық ресурстарын дамытып, мемлекеттік комиссия құрылатынын, қазақ тілін үйретудің ортақ мемлекет­тік тұжырымдамасы дайындалып жатқа­нын білдік. Тұжырымдаманың мақсаты үздіксіз білім беру арқылы мектептен бастап, тіл үйретудің сапасын арттыру. Бұл жоба мемлекеттік тілді қажеттілік үшін үйретудің алғашқы қадамы болары сөзсіз. Иә, әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау-жұрнағы әрбір шынайы азаматқа та­нымал, мәдени-әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғам­дық бірлестігінің 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының мән-маңызы мен мақсаты неде? Миссиясы – қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесіне орнықтыру, мақсаты – ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп, толық таралуына ықпал ету, оқыту, зерттеу және жүйелеудің ғылыми-әдістемелік негізін әзірлеу сынды 12 түрлі міндетті орындауды жоспарға енгізді. Биылдан бастап, нақты жұмыстар жүзеге аса бастайды. Әр бес жыл сайын атқарылған іске есеп беріліп, меже мен міндет айқындалып, алдыға басқа мақсаттар қойылады. Осыған сай қоғамның жаңа бағдарламасы мен жарғысы қабылданды. Бұл жиын делегат ретінде қатысқан әрбір тұлғаға үлкен жауапкершілік жүктеді, болашаққа айқын бағдар түзеп, бірге қадам басуға үгіттеді.
Тағы айта кететіні, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы ең алдымен қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамытуға арналған бірнеше негізгі бағытты қамтиды. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілі­мізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту», – деген екен Бауыржан Момышұлы. Осы қазақ тілінің тағдыры жайында тіл жанашыры ретінде жастарға айтарымыз аз емес.
Жақында Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу бойынша референдум енгізгелі тұр. Ол да үлкен жуапкершілікті жүктейді. Сондықтан саяси науқанға мейлінше үлес қосып, болашаққа жастар қадам басуға дағдылануы керек.
Біз көпұлтты мемлекетпіз. Мейлі бола берейік, бұл тарихи даму жолымен қалыптасты және бұл біздің еліміздің кемшілігі емес, басқалардан артықшылығы. Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Бұрынғы даналардан қалған «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген сөз бар. Әрине, құптарлық ой, бірақ, өзге тілді игеремін деп жүргенде өз тілімізден айрылып қалмау жолын қатаң қадағалау керек. Ұлтшылдық рух жоқ жерде, ұлтқа адал қызмет ету де жоқ. Осыған көзіміз жетіп отыр.
Ана тілін ұмытқан, тек бөгде тілде ұғысқан ұрпақ елді ұшпаққа шығарады, адал қызмет қылады деп сенуден қалып барамыз. Өйткені бізде орыстілді азаматтар көп. Болсын, бірақ ана тілді бірінші орынға қою парыз. Жаңақорғанда 20-ға жуық өзге этнос өкілдері тұрады. Салты мен дәстүрі басқа болғанымен ортақ мүддеге ұйыстыратын жалғыз құралы ол қазақ тілі. Қай ұлтты алып қарасаңыз да ана тілдің абыройын асырып, бала баспалдағынан санасына құйып қойған. Керек болса олардың көбі қазақтың дәстүрін дәріптеп келеді. Бұл да ұлтқа деген алғыс, кең пейілділік, ең бастысы, осы елдің дамуы үшін күрескер болудың бір сипаты.
Бір сөзбен айтқанда, ұлт пен тілдің бірлігі – халық әлеуетінің, ұлт руханиятының ұлы тұғыры болары сөзсіз.

Ізәтілла НӘРЗІЛДАЕВ,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
аудандық филиалының төрағасы
18 мамыр 2022 ж. 711 0