№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

№42 (8956) 6

06 маусым 2026 ж.

№41 (8955) 2

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Бүгін – Халықаралық архивтер күні!

Бүгін – Халықаралық архивтер күні!

Бұл кәсіби мерекені әлем тарихының құнды деректерін сақтап, оларды келер ұрпаққа аманат ететін архив саласының мамандары атап өтеді.
Мерекенің дәл 9 маусымға белгіленуі кездейсоқ емес. 1948 жылы осы күні ЮНЕСКО-ның шешімімен Халықаралық архивтер кеңесі құрылды. Ал 2007 жылдың қараша айында Канаданың Квебек қаласында өткен Бас ассамблеяда 9 маусым ресми түрде Халықаралық архивтер күні болып бекітілді. Қазақстанда Архившілер күні 2020 жылы Үкімет қаулысымен 22 желтоқсанға белгіленген. Ал Ресейде бұл мереке 10 наурызда, Беларусьте 6 желтоқсанда, Қырғызстанда 30 тамызда атап өтіледі. Әр елде архив қызметкерлерінің кәсіби мерекесі әртүрлі күнге белгіленгенімен, 9 маусым – әлем архившілерін ортақ мақсат пен кәсіби құндылықтар төңірегінде біріктіретін ерекше күн.
Бүгінде елімізде 200-ден астам архив мекемесі жұмыс істейді. Олар Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсанда қабылданған «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына сәйкес қызмет атқарады.
Архивтер – адамзаттың саяси, экономикалық және әлеуметтік даму тарихын айғақтайтын құжаттарды жинақтап, сақтайтын маңызды мекемелер. Сондықтан Халықаралық архивтер күні тек сала мамандарының кәсіби мерекесі ғана емес, сонымен қатар қоғам назарын тарихи мұраны сақтау ісінің маңыздылығына аударуға арналған атаулы күн болып саналады.

Аида АНВАРБЕК
09 маусым 2026 ж. 74 0