» » Суға кетуден сақтану маңызды

Суға кетуден сақтану маңызды


Елжан ШЕГЕБАЕВ, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры:

– Жаңақорғана ауданы аумағында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай жалпы ұзындығы 215 шақырымды құрайтын Сырдария
өзені ағып өтеді. Сондай-ақ, егіс алқаптарына су жеткізетін 5 канал мен 23 көл орналасқан.
Қазір осы аумақтарға күнделікті бақылау жасап, қызметкерлер дария маңайын қадағалап, көбіне келетін балықшыларға түсіндірме мен ескертпелер айтуда. Күн сайын сағат 12.00-ден кешкі 20.00-ге дейін рейдтік жұмыстар жүргізіледі. Былтыр су айдындарында 2 адам қаза тапса, соның біреу жасөспірім. Орын алған оқиғалардың негізгі себептері – тыйым салынған жерлерге шомылу, ішімдік ішу мен қауіпсіздік талаптарын сақтамау және балаларды қараусыз қалдыру болып тұр.
Қазір кент және елді мекендердегі су айдындары жағалауларына 50 ескерту тақтайшасы мен 20 орынға трафарет арқылы «Суға шомылуға тыйым салынады» деген ескерту белгілері жазылды. Арнайы билбордтар барлық қажетті аумақтарға ілінуде. Жалпы жұмысы күн сайын күшейіп келеді, маусым аяқталғанға дейін айдындарды кезіп жүреміз. Біздің тұрғындарға ұсынысымыз, егер суға түсуге ниетті болсаңыздар, аудан аумағында бір емес бірнеше бассейн орналасқан. Барлығы жұмысқа кірісті, ал, каналдар мен көлдерге барып, суға түсуге тыйым салынады.
09 маусым 2026 ж. 44 0