ӘКЕ ӨСИЕТІНЕ АДАЛДЫҚ

Тәуелсіз еліміздің қалыптасуына қажырлы тер төккен мемлекетшіл тұлға Бердібек Сапарбаевтың есімін ел-жұрты қашанда терең құрметпен еске алады. Ел егемендігін алды десек те еңсесін тіктеуі қиын болған кешегі күндері көштің басын түзу ұстап, езіненжаңылмағандығының арқасында ғана қол жеткізгеніне туған жұрты куә.
Бала кезінен ерік пен жігерді арқаланып, өз-өзіне талап қоя білуді дағды еткен намысшыл қасиеті қандай сынақтарда да сағын сындырмай, қиялына қанат бітіріп, бойына күш-қайрат дарытыпты.
Ол 1953 жылы 9 ақпанда Мақтарал ауданының «Алғабас» ұжымшарында дүниеге келген. Әкесі Машбек ауылда егіс бригадирі болған. Үйдің тұңғышы Бердібектің бала кезінен еңбекке араласып, бауырларына бас болып, әке қолын ұзартуға ұмтылуы қаранар талаптың келешекте
де жетекшілік тізгінін қолдан жібермей, міндеттің ауырын арқалауға дайын тұрар көшбасшылық кредосын қалыптастырған тәрізді.
Бекеңнің балалық шағы туралы: «Қарт Қаратауды қатар жайлап, Сырдың суын тел емген қос өңірдің екеуі де мен үшін өте ыстық. Екі өңірдің де төл перзентімін» деген сөзінде үлкен мән жатыр.
Бекеңнің оқушы күнінен еңбекқор, істің көзін таба білетін, қандай кәсіпті болсын үйіріп әкетер елгезектігі жөнінде қатарластарының әңгімесінен көп нәрсені көкірегімізге түйдік. Ойына алғанды орындамай қоймайтын батылдық мінездің де екініңбірінің маңдайына бұйыра рас. Бұл туралы мектепте бірге оқыған сыныптасы Бақыт Нұртазаевтың мына естелігін келтіре кетейік: «1968 жылы аудандық олимпиадаға қатысу үшін бір топ оқушы Жаңақорғанға аттандық. Ол кезде дариядакөпір жоқ, пароммен өтетінбіз. Бірақ дәл сол күні мұз ұстасып, паромды алып кетіпті. Мұғаліміміз оқушыларға кері қайтуды бұйырды. «Олимпиадаға қатысып, қайтсем де бірінші орынды аламын» деп талап қылған Бердібек мұғалімнің айтқанын тыңдамай, қолына ағаш ұстап әупірімдеп мұзүстімен жүріп отырып арғы беттен бір-ақ шықты. Олимпиадада ол математика пәнінен шынындабірінші орынды қанжығалап оралды» дейді.
Бұл мысалдың өзі «Болар бала он бесінде баспын дер» дегендей, болашақ қайраткердің батыл да қайсар болмысын әйгілеп тұрғандай.
Бердібек Машбекұлы орта мектепті үздік бітіріп Алматыдағы Халық шаруашылығы институтының экономика факультетінде білім алды. Алғаш еңбек жолын қаржы министрлігінде маман болып бастағаназамат өзінің білімділігін, іскерлігін таныта білуінің жоғары деңгейлі баспалдақтардан өтіп,тың тәжірибе жинақтады.
Еліміз бойынша Бекең секілді бес бірдей облысты басқарған тұлға жоқ екен. Яғни, табиғат өзі сыйға тартқан ерекше қабілетінің арқасында аттың қомында жүрген азамат маңдай терін төге жүріп абыройды еңсерді, асқақ мәртебеге қол жеткізді.
Бұл кісінің қай жерде жүрсе де ең негізгі ұстанымы - адамдық қасиет пен тәртіп» деген принциппен ұштасып жатты. Өйткені бала кезінен
бойға сіңген мінез дағдысының өзі осындай еді. Халқымызда «Бір әкенің берген тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» деген даналық бар. Яғни, ұл баланың бойындағы жақсы қасиеттердің барлығы әкенің өнегесі арқылы қалыптасады. Машбек атамыз ел ішінде әділдігімен, еңбекқорлығымен беделді тұлға еді. Бүкіл өмірін ауыл шаруашылығын өркендетіп, ел әлеуетін арттыруға арнады. Әке бойындағы осындай көпшілдік, елжандық қасиеттер отбасында өсіп-өніп жатқан сегіз баланың да еңбектің қадірін бағалай білуіне, адамгершілік пен ізгілік, еңбексүйгіштік, қайырымдылық қасиеттердің тереңдеуіне ықпал етті.
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде. Адамға үш алуанадамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көбірек жұғады» деп бекер айтпаса
керек.
Бұл кісінің бүкіл ғұмыры, бейнелеп айтқанда,аттың жалында, түйенің қомында өтті. Еліміздегі еңқиын салаларға жетекшілік етті. Бес бірдей облысқа әкім болды.
Ол 1995 жылдан 1999 жылға дейін Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарды. Бұл кез өнеркәсіп-тік өндірістер жаппай қысқарып, ауылшаруашылығымен инфрақұрылымы құлдырап, ел экономикасыныңтұралаған кезі еді. Еңбекақы төмен, тауар қымбат.
Айлық жалақы мен жәрдемақы, зейнетақысын жұрт айлап ала алмай, қатты қиналысты бастанкешті. Мұндай жағдайда елде саяси ылаң берері даусыз еді. Электр энергиясы, су жәнекөлік жүйелерінің бұзылуы байқалды. Бұл кезде кей облыстар біріктіріліп, жеке дербес өмір сүруінтоқтатты. Қызылорда облысының жері Ақтөбемен Оңтүстік Қазақстанға берілуі мүмкін деген
болжамдар айтыла бастады. Арал теңізінің құрғап кетуі денсаулық сақтау мен ауыл шаруашылығына апат әкелуі мүмкін еді. Сапарбаев осы кезеңдері Мемлекет басшысының қабылдауында болып,Қызылорданың табиғи ресрурстары мен басқада әлеуетін экономикалық талдаудан өткізіп, осымүмкіндіктерді іске қосқанда облысты дотациялы аймақтан донорлы аймаққа айналдыруға болатынына көзді жеткізді.
1996 жылы қарашада Қызылорда арнайы экономикалық аймақ болып құрылды. Өңірдегі мұнай-газ қорын игеру, ирригациялық құрылыстар салу және бұрынғыларын қалпына келтіру сынды жұмыстар қолға атқарылды. Шетелдік инвесторларды тарту арқылы
өңірдегі мұнай-газ саласын дамытудың жобаларыалынды. Қызылорда арнайы экономикалықаймақ құрудың нәтижесінде дотация 75 пайыздан25 пайызға төмендеді.
Міне, осы жұмыстардың арқасында бар болғаны үш-төрт жылдың ішінде Қызылорда облысы елдегіәлеуетті өңірлердің біріне айналды.
Менеджер басшы халықтың қолында ақша жоқ кезеңде ваучерді айналымға енгізді.Істің тетігі – ұйымдастыруға байланысты. Қолдағы
бар механизмді үйлестіріп, үлкен жобаларға бару өз алдына, адами факторды ортақ іске жұмылдыру арқылы да жарқын жетістіктерге жетуге болатынын ол өз ісімен дәлелдеді. Аудандарды, елді мекендерді аралап көріп, елдің шынайы тыныс-тіршілігімен
танысып, ауыр жүктің бір шетін көтеретін кәсіпкер азаматтардың талабына дем берді. Оларды елдік іске жұмылдыруға күш салды. Ауыл жұртының өнері мен өресін паш ететін «Туған жер – алтын бесігім» деп аталатын үлкен акцияны қолға алды.
Бердібек Сапарбаевтың 1999-2002 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған жылдары тарихтың парағына өзіндік қолтаңбасымен сақталып қалды.
Ол қандай қолтаңба еді? Бұл жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы шегіне жетіп тұралап, жұмысты жолға қою үшін мемлекет басшылығы сол кезде ел аузында «кризис менеджері» атанған Бердібек Сапарбаевты арнайы осы өңірге қызметке жіберуге мәжбүр болғандығын өзіне ескерткен де екен. Сондықтан бас тарта алмай, ауырлау аумаққа қызметке баруға келісімін береді.
Шынында да өңір жағдайы өте күрделеніп кеткен, көрші елден ақысы төленбегендіктен газ беру тоқтатылып, қала халқының өзі балконға қазан асып тамақ пісіруге көшкен. Жекешеленіп кеткен электр энергиясы мекемелері жұмысты жолға қоя алмай көп қабатты үйлерде жылу мен жарық тұрақсыз. Халық айлық жалақысын, жәрдемақысы мен зейнетақысын ала алмай қиналып отыр. Қордаланған мәселелерді рет-ретімен шешуді қолға алған білікті менеджер ең алдымен газ және жарық мекемелерін мемлекет қарауына қайтаруға кірісті. Стратегиялық маңызды нысандардың жекенің қолында тұруы мәселені шешпейтінін жақсы түсінді. Осылайша, Оңтүстік
Қазақстанды энергетикалық коллапстан шығарып, халыққа жалақысы мен зейнетақысы жүйелі төленуіне алғышарттарды қалпына келтіруге тер төкті.
Шығыс Қазақстан облысын басқарған бес жыл үлкен жүректі азаматтың нағыз ұлтын сүйген халықшыл тұлға екенін дәлелдеп берді. Бұл жылдар Өскемен мен Семей облысы біріктіріліп жатқан кез. Семейде біршама жағдай оң болғанымен Өскеменде қазақша түсінетін аудитория аз. Жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағы он пайыздың төңірегінде ғана еді.
2009 жылдың 4 наурызында облыс басшылығы қызметін міндетіне алған Бекең ең әуелгі жұмысын Жидебай қонысына барып, Абай атаның басына тәу етуден бастады. Зайсан ауданында тұратын Абайдың шөбересінің үйіне арнайы соғып, сәлемдесті.
Осының барлығы өңір басшылығы тынысына жаңа бағыт, жаңа леп әкеліп, өткенді ұлықтау, құрмет көрсету – өркениетке жетудің алғышарты екендігіне көптің көзін жеткізді.
Өскеменнің орталық көшесіне Абай ата ескерткішін орнатты. Орталық кітапханаға Абай аты берілді. «Абай арқылы қазақты әлем таныды,
Абай біздің идеологиямыз болуы керек» деген идеяны ұстана отырып қолға алған бағдарлы жұмыстарының барлығының бағы жанды. Ол
Шығыс Қазақстан облысына кіреберістегі үлкен тау жотасына «Қазақстан» деп жаздырып қою арқылы жергілікті тұрғындардың алдымен өздерінің рухын көтеруді көздеді.
Тұрғылықты халықтың тұрмыс-тіршілігін көтеруде ең алдымен шағын және орта бизнес дамуы тиіс. Осы бағытта ол Семейдегі жалғыз ғана мал терісін өңдейтін зауыт тынысын ашуға қажетті қаржыны бөлдірді. 8 млрд 300 мың теңге қаржыға Семей қаласының жылу мәселесін шешті. Нақтылап айтқанда, 4 жылу электр станциясы күрделі жөндеуден өтті. Жылу желілері мен құбырлары
толық ауыстырылды. Соның арқасында қақаған қыста құбыр жарылып, Екібастұздағыдай қиын
жағдайлар орын алған жоқ. Облыс халқы да іскер басшыны мойындап, алғыстарын жаудырды. Бекең өңірді дамыту мәселесін ірі - ұсақ деп
бөлге емес. Ел игілігі үшін әрекет бастаған әркімнің жұмысына қолдау білдіріп, жанына жалау болу – Бекеңнің айнымас миссиясына айналды.
Мәселен, Алтайлықтардың басты байлығы – бал мен марал шаруашылығына көңіл бөліп, оны брендке айналдыруда қарапайым еңбек адамдарына қамқорлық танытты. Өңірден омарта шаруашылығын жандандыру мақсатында халықаралық деңгейде
үш жыл қатарынан «Бал-Ара» фестивалін өткізуі – осындай игі мақсатты айқындаса керек. Сондықтан да жұртшылықтың «Шығыстың әр ауданында ол кісінің іздері сайрап жатыр» деген сөзінде үлкен мән бар.
Ол осы кезеңде облысты индустрияландыру картасы аясында 16 млрд теңгеге жуық қаржыға 9 жобаны іске қосты.
Ол үнемі халықтың ортасында болуға тырысты. Тарбағатай ауданы Көкжыра, Жәнтікей ауылдарын топан су басқанда халықтың ортасында жүріп бір айдың ішінде су астында қалған екі ауылдың орнын қайта тұрғызуға күш салды. Ауыл жаңарған соң сана да жаңарды. Халықтың рухы көтеріліп елдің еңсесі биіктеді. Тұрғындардың жаңаға, игілікке деген құлшынысы артты.
Облыста көптеген білім ошақтары, әлеуметтік-мәдени нысандар, спорттық кешендер бой түзеді. Ертіс бойын мекендеген түрлі этнос өкілдеріне этноауылдар бой түзеді. Мұның өзі ұлттар арасындағы бірлікті нығайтып, бір-бірінің салт- дәстүрі мен мәдениетіне құрметін арттырды. Шет елден келген қандастарымызға 600 үйден тұратын «Достық» қалашығы бой түзеді. Осында түрлі
халықаралық форумдар өткізу арқылы Алтайды Түркі әлемінің алтын бесігі ретінде танытып, Шығыс Қазақстаннан шыққан өнер адамдарын елге шақырып құрмет көрсетті.
«Туған жерге тағзым» бастамасы арқылы шетелде тұратын шығыстың тумаларын түгендеді. Осындай игі шаралардың арасында туған жер перзенттері елге жәрдем беруді қолға алды. Меценаттар туған жерге мектеп, спорт кешендері мен парктер салды. Өскеменде республикалық деңгейде бірінші рет ДЦП диагнозы бар сырқаттарға аурухана салынды.
Елдегі ірі бизнес өкідерінің әлеуетін ел игілігіне бұруының нәтижесінде «Казатомпром» акционерлік қоғамы Өскемен қаласында 400 млн
теңгеге балабақша салып берсе, 750 млн теңгеге балалар сауықтыру лагеріне жөндеу жұмыстарын жүргізді. «Қазақмыс» корпорациясы 600 млн теңгеге «Восток» стадионын жөндеді. Глубокое ауданында 2 балабақша салып берді.
Осы кезеңдері аймақ басшысының тікелей қолдауымен жас журналистерге «Топжарған» сыйлығы тағайындалды. Өнер мен мәдениет өкілдеріне арналған «Шығыс жұлдыздары» деген кітап жарық көрді. Бұл кітапта Ақселеу Сейдімбек ағамыз айтқандай, «Алаштың
Ақтамбердісінен Ақберенге дейін» түгел қамтылды. Өскемен-өндірісті қала болғандықтан ауасы ең лас, экологиялық күрделі аумақ саналып келген еді.
Міне, осы проблеманы оңалтуда Бекең экологиялық сараптама орталығын ашып, ауаны, суды тазартып, қаланы тұрмыстық қалдықтардан тазартуда республикалық бюджеттен қаржы бөлдіртіп, ірі кәсіпорындарға құрылғы қойылды. Бекең 2015-2019 жылдары аралығында Ақтөбе облысына басшылыққа барғанында «Ақтөбе-мұнайгаз» жұмысы тоқтап қалған кез. Оның жұмысын жлолға қою үшін жаңа жұмыс көлемін
іздеп, өндірісті қалпына келтіру қажет еді. Елге иевесторлар тарту арқылы осы мақсатқа қол жетті.
Жалпы, Ақтөбе облысында 340 кен орны бар. Соның ішінде аймақ хром кені бойынша көш бастап тұр. Осы өндіріс орындарының тынысын ашуды бірінші кезекте қолға алды. 700-ден аса ірі және орта, 1000-нан астам шағын кәсіпорындар іркіліссіз жұмыс істеді. Жергілікті кеніш компанияларының демеушілігімен денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу қолға алынды. «Қазақмыс» компаниясы балаларды оңалту орталығын салып берді. Сондай-ақ Ақтөбеде мұз айдыны пайдалануға берілді.
Бекеңнің ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тұрған кезінде елге бірінші кезекте қажет құндылықтар бойынша батыл
қадамдарға барғанын сол кез адамдары жақсы біледі. Өзінің қарапайым мінез қағидасымен ел-елді аралап, қоғам мүшелерінің хал-ахуалын көзбен көріп, көп балалы аналар мен мүгедектерге жағдай жасауда ережелер мен заң нормаларына көптеген жеңілдіктердің енуіне авторлық қолтаңбасын қалдыра білді.
Бекеңнің 2020-2022 жылдары Жамбыл облысына әкім болып тағайындалуы осындағы төтенше жағдайға байланысты болғанын Президенттің
өзі ескерткен болатын. Жергілікті жердегі дүнген ұлты мен қазақ отбасыларының арасында жанжал туындауы татулыққа сына салған, тіпті ел қауіпсіздігіне қатер тудыруы мүмкін шетін жағдай еді. Осындай сын сәтте Бердібек Сапарбаевтың бұл аймаққа басшылыққа баруының астарында оның арағайындық та, мәмілегерлік те саясатты терең меңгерген дипломатиялық әлеуетіне деген зор сенімнің жатқанын танығандаймыз. Елдегі төтенше жағдайды шұғыл ретке келтіру жөніндегі комиссияның төрағасы ретінде ол бүкіл ахуалды өзі
қолға алып, баянды нәтижеге жете алды.
Бердібек Сапарбаевтың осы осындай жан-жақты қасиетті меңгеріп, мемлекет басқару стилінің үздік үлгісіне қол ар туының негізі себебі неде еді деген сұраққа жауап іздеп көрдік. Бұл сауалға бір кездері Бекеңнің өзі қолмен жазып кеткен қымбат естелігібылай деп үн қатады: «Мен ауылдың қарапайым баласымын. Менің осындай көппен ортақ тіл табыса білетін жан-жақты болып қалыптасуыма ең
алдымен себепкер – анам деп есептеймін. Оның қарапайымдылығы, ақкөңілдігі, жүрегінің жылуы менің бойыма дарыды. Менің жарым да қарапайым отбасының қызы. Ол да жалғыз сәт жанымнан қарға адым ұзаған емес. Қашанда тілектес болып тілеуімді тілеп отырады. Осы екі асыл адамға қарыздармын» деген екен.
Иә, Бекеңнің өмір жолының қай бір үзігін алып қарасаңыз да өзін әрдайым халықтан биік санауды білмеген қағидасына шын көзіңіз жетіп, ұлық болсада кішік бола білген ұлағатына басыңызды иесіз.
Бекең өзінің осынау өмірлік қағидасын ізін басып келе жатқан жас толқынға да аманат етіп кетті. Әнет бабаның Қазыбек биге берген батасында:
«Балам, Әкім деген сөздің мағынасын ұмытпа, Әдегені әміршіл болма, әділ бол дегені. Кекшіл болма, көпшіл бол, іріткі салма, ізетті бол. Менмен болма, мейірбан бол дегені» деп айтып кеткен екен.
Біздіңше, Сапарбаев Бердібек ағамыз осы қағиданы мықты ұстаным еткен жан. Ол осынау ел басқару сынды үлкен жолға аттанарда әкесінің берген батасын қасиетті тұмардай сақтап келгенін айтады. Ол мына өсиет еді: «Өзін бұқарадан жоғары қойған басшы ұтылады. Басшы халықты тәрбиелей жүріп, өзін тәрбиелеуі тиіс. Халық арасында біреуде аз, біреуде көп даналық дәндері болады. Тәжірибе, тәлімдері кездеседі. Соны ала білу, зердеге құя білу, бойға сіңіру – бір парыз. Алғаныңды өз ой- қазанында қорытып, халықтың өзіне ұсына білсең, тәлім таратушы боласың». Мен осы сөзді қастерлі қағидадай ұстандым дейді Бекең.
Бұл өсиет ел басқару ісінде жүрген барша азаматтар үшін бағдаршам болса керек.
Баян ҮСЕЙІНОВА,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
“ҚР Ақпарат саласының үздігі”




