Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Білім бөлімі басшысы мектептердің жай-күйімен танысты

Білім бөлімі басшысы мектептердің жай-күйімен танысты

Бөлім басшысы Жанболат Бекмағанбетұлы аудан аумағындағы №56 және №163 мектептердің жай-күйімен танысу мақсатында жұмыс сапарымен барып қайтты.
Сапар барысында білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы қаралды. Ғимараттардың қауіпсіздігі мен оқу үдерісіне қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарға назар аударылып, тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар мектептердің материалдық-техникалық базасының жағдайы зерделеніп, оқу кабинеттерінің жабдықталуы, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі қаралды.Мектеп аумақтарының санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстары да бақылауға алынып, білім беру ұйымдарының тазалық талаптарына сай болуы жөнінде жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.
Білім бөлімі тарапынан білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуі, материалдық-техникалық базаны нығайту және санитарлық жағдайды тұрақты бақылауда ұстау бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.

Сабина ӘШІМХАН
09 маусым 2026 ж. 145 0