БАЛА АМАНДЫҒЫ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Жаз мезгілі басталысымен балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Себебі балалар арасында орын алатын қылмыстық әрекет жаз мезгілінде көптеп тіркеледі. Үш ай бойы демалыста жүрген жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мен бақылау, қадағалау жұмысын жетілдіру жайында аудандық әкімдіктің жанынан құың ісі және оның құқығын қорғау жөніндегі Елорда төріндегі тағылымды сапаррылған кәмелетке толмағандардға пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен ведемосвоаралық комиссия отырысында кеңінен талқыланды.
Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
кезекті отырысы жаз мезгіліндегі балалар қауіпсіздігі тақырыбын тереңінен қозғады. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Нариман Жахудаев, комиссия мүшелері мен тиісті сала басшылары қатысты.
Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу мәселесі қаралып, ол бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Жанболат Ахметжанов баяндама жасады.
Отырыс барысында жасөспірімдердің психологиялық саулығын нығайту, ата-аналармен өзара байланысты күшейту, білім беру ұйымдары
мен жауапты мекемелердің бірлескен іс-қимылын жетілдіру бағытындағы мәселелер талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекеме басшыларына кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен келеңсіз жағдайлардың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сабина ӘШІМХАН




