№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » "Абай жолы" қайта оқып шықтым"

"Абай жолы" қайта оқып шықтым"

Бүгінде үлкені болсын, кішісі болсын қоғамды түзеуге бағыт алған белсенділік басым. Бірақ бір нәрсе айқын, әркім өз жан-дүниесіне тереңірек үңілген сайын әлемді түзету үшін алдымен өзін түзеуі қажет екенін пайымдай бермейді. Ал өзіңді түзеу үшін алдымен өмірді тани білуің керек. Оның кілті – кітапта.

Өткен жолы өзім құрметтейтін ардагер ұстаз, байырғы мектеп директоры, екі мәрте «Ленин» орденінің иегері Низаметдин Илялетдиновтің қызы, кейін өзі де мектеп басқарған «Қазақ ССР Білім беру ісінің үздігі, менің анамның әріптесі болған София Илялетдинованың шаңырағына соқтым. Карантин жағдайында қарт ананың жағдайы нешік?
София апай өзінің күйеуінен қалған көне үйінде тұрады.
Үлкен ұлы полковник, Алматыда, кіші ұлы атасының мектебінде ұстаз, жанында салынған жаңа үйде отбасымен тұрып жатыр. Анасына қарайлап отыратын осы кенжесі.
Ал туған қара шаңырақтың қабырғасын күзетіп отырған София апамыздың көңілі тоқ, рухани бай, сол баяғы жанына аяулы қараорынның терезесінен сәулесі құйылып оятатын әрбір таң шапағына мың-мың шүкіршілігінен танбай, есен-сау жүріп жатыр.
«Үйден шықпа» деп ескерту жасаған биліктің талабының өзіне тек пайдалы болуының сырын София апай былай пайымдайды. Бұрын ұзақты күн аула сыртында бой жазып таза ауада серуендеуді қалайтын жан енді еріксіз үйде қамалған соң ежелгі досы – кітаптарды қайта қолына алмай ма? Бәрекелді, бұрын неге байқамаған, неге мән бермеген, талай көз майын тауысқан көркем әдебиеттерді аспай-саспай, баппен, байыппен, күнұзақ тапжылмай қайта парақтағанда енапат құндылық теңізін кешкендей жан дүниесі құлпыра түскен. «Абай жолындағы» адам жанының қилы-қилы психологиясына тереңдеп, озық ойлы көзқарастың қоғамдағы жанартаудай қуатын қайта ой сүзгісінен өткізіп, таразылаған-ды. Дүниенің кілті-білімде екенін насихаттап өткен Абай даналығын шынайы көңілмен мойындаған. «Абай жолын» тәмамдап, одан әрі Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» «Ақиқат пен аңыз» кітаптарын оқып шығып көл-көсір әсерге бөленген.
Ұстаз ананың бір арманы бар екен: «Шіркін-ай, осы дүниелерді жастарымыз неге зер салып оқымайды? Егер оқыса... өзгерер еді», – дейді ол. Ақыл-ойға ден қойып көбірек салмақты мінез жамап сабырлы да парасатты бола түсер еді.
Жастар ғана ма, кітаптың ғибраты үлкендер үшін де таусылмас азық, терең байлық. Ендеше ақы сұрамайтын ақылдың қазынасынан сусындауға әрбіріміз асық болсақ жарасар.

Баян Алаудинқызы
26 мамыр 2020 ж. 767 0