Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 143

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 158

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 987

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 487

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 682

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 669

№25 (8633) 28

28 наурыз 2023 ж.

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ


Бесарық бекетіндегі №247 орта мектепте жаңару заманында ұстаздарды бағалап, еңбегін саралап, өзінің жан-жақтылығын, ұйымдастырушылығын, сөз шеберлігін, жаңашыл ұстаз екенін дәлелдеу мақсатында, «Жылдың үздік мұғалімі –2017» байқауы өтті. Байқауды мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Темірхан Кенбай ашып, оның шарттарын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ауылдық клуб үйінің директоры Жәнібек Сыздықов жүргізген мықтылар додасы ұстаздардың рухын көтеріп, мәртебесін асқақтатты. Додада мұғалімдердің панорамалық сабақтары көрсетілді, инновациялық білім беру технологиясын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технолгияларды пайдалануы, көпшілік алдында өзін ұстауы, сөйлеу мәнері, жағдаяттан шығуы, ұйымдастырушылық қабілеті, ұжымдастарымен біріккен жұмысы, портфолиосы, жеткен жетістіктері қаралды. Қатысушыларға білім саласынан сұрақтар қойылып, көрініс көрсету ұсынылды.
Соңында ардагер ұстаз Базаркүл апай мен ауыл әкімшілігінің бас маманы Нұрсұлтан Алимахамадұлы қазылық еткен сайысты қорытып, үздіктерді анықтап, мектеп директоры Талғат Өтеев жеңімпаздарды арапаттады. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Темиралиева Назерке ІІІ-орынды місе тұтса, бастауыш сынып мұғалімі Ибагүл Сәрсенханова ІІ-орынды иеленді. Жүлделі І-орынды денешынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрлан Баржубаев алса, химия-биология пәнінің мұғалімі Жанар Байжанова бас жүлдені жеңіп, «Жылдың үздік мұғалімі - 2017» атанды.
P.S.: ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болғандықтан ұстаздар жаңа бағытқа әрдайым дайын болғаны абзал. Өйткені, дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау», – деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтқандай, ұстаздардың өлшеусіз еңбегі қашанда құрметке лайық. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.

Жадыра
АЛТЫНБЕКОВА,
№ 247 мектеп
психологы.
16 қаңтар 2018 ж. 1 109 0