№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Абайды сүйген жүрекпен

Абайды сүйген жүрекпен

Сыр өңірі нағыз қазақылықтың тамыры тереңге бойлаған қасиетті өлке. Ауданда тұратын өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін еркін меңгеріп, салт-дәстүрін берік ұстанады. Әсіресе мектеп қабырғасындағы жастар ана тілін білуге құштар. Өзге ұлт өкілдеріне арналған  қазақ тілді байқаулардың жиілеуі осының дәлелі. Бүгінде қазақтың ұлы ақыны Абай атаның жауһар жырларынан молынан сусындап жүрген талапты жастың бірі – София Акулова.
 София интернационал отбасында дүниеге келген. Дегенмен отбасында бауырларымен қатынас тілі – қазақ тілі сыңайлы, ол бізді ана тілінде таза сөйлеуімен таң етті.
– Қазақ тілін меңгеру арқылы қазақтың салт-дәстүрі, әдет ғұрпы және ауыз әдебиетінің бай қорымен танысып келемін. Абай Құнанбаевтың шығармаларын екі тілде меңгеру мен үшін қиын емес. Ұлы ойшылдың өлеңдерінен рухани ләззат аламын. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі ұйқастардың әдемілігі жаныңа жылулық сыйлайтындай. Одан бөлек Бейімбет Майлиннің шығармашылығымен де жете таныспын,  – дейді ол.
Аудан орталығындағы №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектептің 9 «б» сыныбында оқитын София мектепішілік, аудандық білім байқауларында алғы орындардан көрініп жүретіні тағы бар. Оның арманы – инженер болу екен. Осы мақсатын жүзеге асыру жолында тынбай еңбектенетінін оның жасаған зертханалық жұмыстарынан байқауға болады. Өткен жылы техника ғылымдарының докторы, академик Бірлесбек Алияровтың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында «Білімнің шырағы – физика» апталығында белсенділік танытқаны үшін «Алғыс хат» иемденді. Сонымен қатар жыл аяғында республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінде қазақ тілі пәні бойынша І орынға табан тіреп, аудандық білім бөлімінің «Дипломымен» марапатталыпты.
2019 жылы 11-24 қыркүйек аралығында «Әрбір тіл халқы үшін – Ұлы» атты тіл апталығында «Астарлы сөз – асыл сөз» атты мысал өлеңдер сайысында үздік танылыпты.
Ол туралы ұстазы Айгүл Тұрсынбаева:
– Шәкіртімнің қазақи тәрбие мен білімді бойына қатар сіңіргеніне өзім де қызығушылықпен қараймын. Отбасында тәлім-тәрбие мәселесіне баса назар аударатын атасы мен әжесі мектеппен байланысын үзген емес. Бүгінде жан-жақты болу – заман талабы. София нағыз осындай қоғамдағы өзгерістерге бейім жас. Үнемі ізденісте жүреді, – дейді мақтанышын жасырмай.
Сыныбындағы жалғыз орыс қызын қатарластары жатсынбайды. Керісінше белсенділік қасиетін жоғары бағалап, әр бастамасына қолдау білдіретін де осы сыныптас достары. Әйтсе де, София «білетінім – бір тоғыз, білмейтінім – тоқсан тоғыз» дейді. Ол үнемі сөздік қорын байытып, білім көкжиегін кеңейтуге тырысатындығын айтады. 
 Кейіпкеріміз әрбір өзге ұлт өкілі кіндік қаны тамған жерінің тілін меңгеруі тиіс деп санайды. Ұлттың тілін меңгерумен ғана шектеліп қалмай, қазақи салт-дәстүр мен ұлттық мерекелерді білмеу ұят екенін айтады. Оның ерекше ұнататыны – Наурыз мейрамы екен.
Қазақәдебиетін, оныңішіндеАбайдыүлгітұтқанСофияныңжұдырықтайжүрегіндеұлтқұндылығынадегенқұрметжоғары.
Майра ҒАНИЕВА
01 наурыз 2020 ж. 1 088 0