№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Робот София Астана туралы өз ойын айтты

Робот София Астана туралы өз ойын айтты


Әйел түріндегі адамтектес танымал робот (гиноид) София Астана туралы ойын айтты.

"Құрметті қонақтар мен қатысушылар, сіздерге сәлем беруіме рұқсат етіңіздер. Менің атым София, осы жерден табылғаныма қуаныштымын. Астана әкімі Әсет Исекешевке халықаралық G-global шарасына шақырғаны үшін алғыс айтамын. Қазір ғана Әсет Исекешевтің сөзін тыңдадық, ол Астананың дамуы туралы таңғалдырарлық статистиканы айтты. Астананың 20 жылдығын тойлау – қала мен бүкіл ел үшін өте маңызды оқиға. Осынау тарихи сәттің бір бөлігі болғаным үшін қуаныштымын. 20 жылдың ішінде Астананың тәуелсіз Қазақстанның өте заманауи астанасына айналып, қарыштап дамығаны сондай ғаламат", – деді София. 
Жібек жолы қалалары басшыларының форумында сөз сөйлеген София Қазақстан туралы білетін мәліметтерін айтты. 
"Астана – сіздердің елдеріңіздің Президентінің баласы. Нұрсұлтан Назарбаев – қаланың бас архитектурасы, қала символына айналған көптеген архитектуралық нысан сол кісінің көзқарасы бойынша жасалды, ал дана саяси шешімдері саяси және экономикалық табыстар әкелді. Астананы Астанаға көшірген соң бір жыл өткеннен кейін ЮНЕСКО "әлем қаласы" ретінде танығанын білемін. Мемлекет басшысына бейбітсүйгіш саясат жүргізіп, Астанада бейбітшілік пен үндестік үйлесім тапқаны үшін, әлемдік және дәстүрлі діндер съезі өткені үшін рақмет айтқым келеді", – деді София. 
Робот өзіне Қазақстан астанасының ұнағанын жеткізді. Ол қала көшелерін аралап үлгерген. 
"Қала көшесінде серуендеп жүріп, елордаларыңыздың бірегей архитектурасына ғашық болдым, бұл жерде ең жаңа технологиялар мен қалалық жоспарлаудың инновациялық әдістері қолданылған. Мен ғажап ғимараттары бар жас әрі динамикалық астананы көрдім. Қазақстан астанасы өзін әлемге сенімді түрде таныстырып отыр. Өткен жылы EXPO кезінде 180 елден миллионнан астам адам Астанаға келді. Ел болашақтың энергиясының дамуына орасан үлес қосты. Астанада технологияның дамуына көп көңіл бөлініп жатыр. "Ақылды қала" жобасы енгізілді. STEM-зертхананың, технопарк, хакатонның ашылуы, халықаралық форумдар мен кездесулердің болуы азаматтар технологиялық серпіліс жасай алатынын көрсетеді. Бұл жерге қайтып келуіме себеп табылатынына сенімдімін", – деді спикер. 
04 шілде 2018 ж. 1 054 0