№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ҚОС ТОҚАЛ


Бүгінде әйелдің көзінше тоқал туралы әңгіме айтуға кез-келген ер кісі батыл бара бермейді. Жасқанады немесе отбасында ойран болады деп тілін жұтып қалады. Бірақ, бәйбіше шешетін байламға терең бармайтынымыз ақиқат.
Шиелілік Шырынкүл Қазанбаеваның қазақ әйеліне тән ар-намысы өзгеден өзгеше. Ол  көптің алдынан көрінген Еңбек Ері, халықтың сүйікті қызы. Апамыздың шын көңілден шешіліп айтқан әңгімесі талай әйелде жоқ әрекетті көрсетеді.
— Соғыс басталғанда мектеп оқушысы едім. Бір күні ағаң шақыртып жатыр дегесін сабақтан асығыс сыртқа жүгіріп шықтым. Әлгіндей жердегі арықтың ішінен ағам қол бұлғап тұр. Бара қойдым. Қасында әскери киінген досы бар екен. Ағам әй-шәйға қарамай «мынау саған сенімді серік болады» деді де қолымнан ұстатып жіберді. Ол кезде үлкеннің айтқанын екі ету жоқ ғой, сөйтіп келін болдым да шықтым. Сол шалымнан екі қыз сүйдім, денсаулығыма байланысты бала көтеру несібесі бағымнан айырды. Мен осылай болдым деп шалымның да бағын байламауым керек ғой, оны ықыласы кеткен жеңгесіне қостым. Менің шартым бойынша бәріміз бір үйде тұрамыз деп олардың келісімін алдым. Арада біршама уақыт өткенде жесір келіндеріміздің бірі шалыма көңілі кетіп жүргенін жасырмады.
Қаныбек ӘБДУОВ.
15 маусым 2018 ж. 1 318 0