№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Кім көргіш?

Қаракесек Келдібек жігіт күнінде (қыз таңдап) түсінде ата-бабаларының аян бергеніндей қызды кездестре алмай, үйленбей көп жүріп қалады. Күндердің бір күнінде бір жерде үлкен жиын-той болыпты. Сол тойға жиылған көп сұлулардың ішінен аяғын сылтып басатын, көзі кәдімгіден қиғаштау бір қызға көзі түседі де, оны ұнатып қалады. Көп ойлануға шамасыда келмеген Келдібек әке-шешесінің қасарысқан қарсылы ғынақарамастан құда түсіріп, қызға үйленіп те үлгеріпті.
Ауыл-аймақ, тума-туыс бәрі-бәрі: «япырай, «таңдаған тазға» деген осы да» деп таңданған екен. Бірде Келдібектің құрдас, көңілдес досы шай үстінде отырып:
— Келдібек-ау, осы екеуіңнің қайсыңыз көргішсіңдер? — деп күлістік еткендей болады. Сонда келіншек құрдас-досына сыпайы ғана күлімдей қарап:
— Жасырмаймын, көзім қыли, ақсақпын,
Келдекеңмен сондай тату жақсы-ақпын,
Татулықтың белгісіндей ұмытылмас,
Төрт божанды билейтін ұл таппақпын! —
деген екен. Көп кешікпей келіншек ұл тауып, атын Қазыбек қойған екен. Осы орта жүзді билеген Қаздауысты Қазыбек атанды.

28 қаңтар 2020 ж. 618 0