№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ғибраттанғын, көңілге ұғып тыңда!

Ғибраттанғын, көңілге ұғып тыңда!



Бір елді-мекенде ауыл халқына ортақ ауыз суын өтеп отырған жалғыз құдық болыпты. Елдің бәрі сол құдықтан су алады екен. Күндердің бір күнінде құдықтан су алуға шелек тастаса, арқан шелексіз шыға беріпті. Бірнеше рет осылай қайталана бергеннен кейін, халық үйрейленіп мына құдықтың иесі бар, түбінде жын-сайтан отырады екен деген сияқты неше түрлі қауесет тарай бастайды. Ел жеке келіп су алудан қалады. Содан үлкендер жиналып, неде болса біреуіміз түбіне түсіп көрейік деп шешеді. Бірақ түсуге ешкімнің жүрегі дауаламайды. Ақыры бір жігіт келісіпті. "Бірақ бір шартым бар, мені беліме арқан байлап құдыққа түсірерде арқанның бір ұшын өздеріңмен бірге көрші ауылда тұратын ағайын туыс-бауырларым ұстап тұрсын" - дейді. Жұрт таң қалысады. Келіспейін десе басқа түсетін ешкім жоқ. Содан ағайын туысын шақыртады.


Ел болып әлгі жігіттің беліне арқан байлап құдыққа түсіреді. Арқанның бір ұшын ағайындары және сол ауылдың адамдары бірге ұстап тұрады. Құдыққа түссе, түбінде бір маймыл отыр екен, арқаннан шелектерді шешіп алып қала бергеннен, іші шелекке толып кеткен екен. Содан жігіт әлгі маймылды иығына алып жоғары арқанды тарттырады. Құдықтың аузына жақындағанда ел маймылды көріп *ойбай шайтан деп арқанды тастай салып қашады. Тек ағайын бауырлары ғана арқанды жібермей жігітті құдықтан алып шығады.

Қиссадан алатын хикмет:
Алла құранда Мұса пайғамбарға жанына бауыры Һарұнды қосып берерде былай деп айтады:
سنشد عضدك بأخيك
Біз сенің бауырың арқылы айбыныңды асырамыз - дейді.
Алла тағала Мұсаға жанашыр ретінде біртуған бауырын бекер таңдамады.
Ибн Аббас айтады:
Шежірелеріңді жақсы біліп ағайын-туыстарыңмен араларыңды жақсартыңдар. Егер олармен жақсы болсаң, саған олардан жақын жанашыр ешкім болмайды - деген.

Және екінші аятта: Мұсаның анасы жаңа туған баласын Алланың әмірімен құндақтап бесікке бөлеп суға жібереді де, үлкен қызына:
وقالت لأخته قصيه
Әпкесіне (ешкімге сездірместен) артынан оның ізін бақ - дейді.

Расында қыз баласы жат жұртта жүрсе де, бауырлының сыртынан әрдайым тілеуін тілеп жүреді екен.

Қуанышың мен қайғыңда жаныңнан табылатын туыс бауырларымыз, амандығыңды тілеп отыратын әпке қарындастарымыз аман болсын!
19 мамыр 2019 ж. 1 074 0