№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Өркениетті елде тәрбие өрісі қалай?

Өркениетті елде тәрбие өрісі қалай?


Әр ұлттың өзіндік тәрбие дәстүрі қалыптасқан. Мұндай ерекшеліктің болуында ұлттың тарихы, тілі, діні, ділі, тіпті тұрмыс-тіршілігі мен климаттық жағдайы да әсер етеді. Бір-біріне ұқсас жерлері де көп. Біз осы жөнінде ізденген едік.


Қазақ ұлтының тәрбие процесінде жастардың бойына отаншылдық, елшіл­дік қасиетті сіңіруге мән берді. Яғни балаға дүние есігін ашатын туған жері, кең байтақ гүлжазира даласын қадірлеуді, құрметтеуді үйретті. Ұлы даланың байтақ даласын бізге мұра етуі содан болар.
Бүгінде озық елдер санатында көш бастайтын Жапония бала тәрбиесінде неге мән береді. Алдымен соған жауап іздесек. Ондағы бала тәрбиесінің қазақ ұлтымен үндесетін жері бар. Олар «балаңды бес жасқа дейiн патшаңдай күт, он бес жасқа дейiн құлыңдай жұмса» дегенді ұстанады. Балғын шағында еркін өсеріп, дүниетанымын кеңейтеді, көзқарасын қалыптастырады, қоршаған ортаға деген махаббатын арттырады. Одан кейін еңбекке баулып, өз-өзіне сенімді болуға үйретеді. Жапон баласы үшiн ең үлкен жаза – жалғыз қалу. Отбасы мүшелерiнен бөлек бөлмеде жалғыз отырудан асқан азап болмайтынын сәби күнiнен санасына сiңiрген бала сол жазаға ұшырап қалмауға күш салады. Жапондардың бала тәрбиесіндегі осындай ұстанымы өзгелерден даралап, ерекшелендіріп келеді.
Германияда тазалық пен тәртіптің мұнтаздай елі екенін білеміз. Олар мұндай талапты баланың бойына жастайынан сіңдіреді. Демек, бала тәрбиесінде бірінші кезекте тәртіпті қояды. Немістің балалары ата-ананың рұқсатынсыз тіпті теледидар немесе компьютерді пайдаланбайды. Немістің осы тәжірибесі қызықтырғанымен бала тәрбиесінде ата-әженің мейірімін қолдануды мүлде қажет етпейді.
Кәрістер бала тәрбиесіне бір жасқа толғаннан бастап қатты мән береді. Кәріс халқында бір жасқа толған баланың туған күнін тойлау дәстүрі қалыптасқан деуге болады. Егер бір жасқа толғанда атап өтілмесе, онда ержеткенде үйлену тойын, мерейтойын және т.б. тойларын өткізуді құптамайды. Олар үшін бала тәрбиесі – сөз бен істегі адалдық, мақсатқа жетудегі табандылық пен төзімділікте.
Әлемде қарқынды дамып келе жатқан қытайлықтар бала тәрбиесіне ерекше мән береді. Отбасындағы бір баланы әке-шешесі, ата-әжесі қамқорлыққа алып, болашағына инвестиция құяды. Онда бала тәрбиесі мемлекеттік маңызы бар шаруа саналады. Олар баласын кішкентайынан төзімді, сабырлы және қанағатшыл болуға тәрбиелейді. Бұл елде бала тәрбиесіндегі басты фактор – үлкендердің айтқанын тыңдау.
Швециядағы бала тәрбиесінің басты артықшылығы сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Балаларды ұрып-соғуға тыйым салынған. Тіпті оны қылмыс ретінде санайды. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.
Мұның бәрін неге айтып отырмыз? Елдің табысты болуы бала тәрбиесіне тікелей қатысты. Қазір қазақстандықтар нарықтың ырқымен жұмысбасты болып, бала тәрбиесін балабақша тәрбиешілеріне тапсырды. Ал балаға мән бермеу келешекке балта шабумен бірдей. Сондықтан әр елдің бала тәрбиесіндегі озық тұстарын саралап, өз тәрбие ұстанымымызда үлгі ете алсақ ұтқанымыз.

Майра ҒАНИЕВА
21 қаңтар 2020 ж. 617 0