№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бір ауыз сөзім – мың ділдә

Бір ауыз сөзім – мың ділдә




1.Ұрпақ үшін ой бөлмеу – ойсыздықтың белгісі.
2. Адамзат пайда болғанда, адам тәрбиесі пайда болған. Ұлт пайда болғанда, ұлттың ұрпағын тәрбиелеу бірге пайда болған. Ұлттың дамуымен бірге дамыған. Ұрпақ азғындаса, ұлт та азғындайды.
3. Ұрпақ тәрбиесі – ұлттық мемлекеттің тағдырын белгілейді.
4. Ұлтты жою үшін – алдымен ұлттық мектепті жою керек. Ұлтты дамыту үшін – алдымен ұлттық мектептерді дамыту, сапаландыру тиіс. Ұрпақ сонда ғана сапалы болмақ.
5. Ұлттың тілі, ділі, салт-санасына қанықпаған ұрпақ, ұлтын сүйіп, отанына ынталы жұмыс атқаруы мүмкін емес.
6. Балаңды мектепте мұқият оқытпасаң, бала тәрбиесіне жұмсаған құлышынысың далада қалады.
10. Балаң жақсы болса, орның төрде. Балаң жаман болса, қарай алмайсың елге. Ұрпақ үшін отқа түс, сен де.



11. Ұлының ойын, қызының қылығын байқай білген ата-ана – ұяттық отына оңайшылықпен күйе қоймайды.
12. Мектепке жалғанбаған жанұялық тәрбие, отбасынан отбасынан озбақ емес. Мектеп тәрбиесі – жоспарлы, мақсатты жүргізілген ғылыми тәрбие. Барлық ғылым, білім, моральдық тәрбиенің қайнар көзі, таусылмас алтын кені.
13. Адам ақылымен қымбатты,
Ұрпағымен сымбатты.
14. Балаңды қорға, аяла,
Алаңсыз өссін саяңда.
Өзіңде бала болған соң,
Баладан барды аяма.
15. Ақыл айтсаң, ақырып айтпа,
Ақылға шақырып айт.
Жан сезіміне батырып айт!
Ақырған ақыл айдалаға кетер,
Бақырған ақыл барар жеріне жетер.
                                                                                 Нұрмұқан Жанұзақұлының пәлсафасынан.
06 мамыр 2019 ж. 1 003 0