№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БІЛІМНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БІЛІМНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ


Қазақ ағартушысы Мағжан Жұмабаев: «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» деп өнеге қалдырды. Иә, өскелең ұрпақты қазақы мінезбен, ұлттық құндылықпен тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты ұстанымы болуы тиіс. Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу – үлкен міндет. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Түгіскендегі №209 А.Әбутәліпов атындағы білім ошағында «Құндылыққа бағдар: тәрбие үдерісіндегі инновация» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.


Елбасының «Рухани жаңғыру: бола­шаққа бағдар» бағдарламалық мақа­ласының аясында өткізілген семинар оқушыларды патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағыт­талған. Облыстық білім басқармасының тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің бастығы Мәди Бекмағанбетов пен облыстық білім беру ұйымдарының тәрбие мамандары қатысқан семинарға аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Мақсұтұлы ұйытқы болды. Ұстаздар басқосуының негізгі міндеті – мұғалімдердің құзіреттілігін арттырып, оқушылардың мүмкіндігін кеңейту. Тәрбие тәжірибесімен алмасудың тікелей тетігімен қамтамасыз ету және тәрбие мен оқу сапасын жақсарту мақсатында пайдаланылатын иннова­циялық әдістерді дамыту.
Алдымен, жиынға қатысушылар мектеп фоесінде «Ұлы даланың жеті қыры», «Дәуір үні», «Болашақтың бастауы» атты көрмені тамашалап, «Рухани жаңғыру – тәрбие бастауы» атты сахналық қойылымды көрді. Тағылымды, тәрбиелік мәні бар көріністен кейін ұстаздар тәрбие саға­тын тамашалады. «Қазыналар әлемі» және «Бабадан қалған құндылық-ұрпағына аманат» атты ашық сабақ шәкірттердің ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды тереңірек білуіне мүм­кіндік берді.
Одан әрі, «Үзілген жырды жалғай­мын» тақырыбында зияткерлік сайыс ұйымдастырылса, оқушылар қонақтар алдында «Туған өлкем» атты ғылыми жобаны қорғап шықты. Мұғалімдер мен ата-аналар «Бала құқықтарындағы мектеп пен отбасының өзара әрекеті» тақырыбындағы дөңгелек үстелде бас қосты. Ондағы мақсат – ата-ана мен ұстаз арасындағы үзіліп қалған байланысты қайта қалыптастыру. Сол арқылы бала тәрбиесіне жіті көңіл бөлу жиынның аса ауқымды мәселесіне айналды.
– «Тәрбиесіз берілген білім адамзат­тың қас жауы». Расында, алдымен тәрбиенің рөлі алдыңғы қатарда болуы тиіс. Себебі, ХХІ ғасыр білімнің алтын дәуірі болса, тәрбие оның қайнар бұлағы. Сондықтан, жастар бойына ұлттық құндылықтарды, ұлттық кодты, қазақы дәстүрді сіңдіру ұстаздар үшін басты міндет. Себебі, сананы тұрмыс билеген заманда ұлттық құндылықтарды сақтап қалу тәлімгер жауапкершілігі деп қарауымыз керек, – деді Мәди Бекмағанбетов.
Семинар соңына қарай, «Қыз тәрбиесі – құндылық кілті» тақы­ры­бында қыздар мәселесі ортаға салынды. Семинар жас ақын Н.Анар­байдың «Ойларым өлен болып өріл­генде» тақырыбында кездесумен түйін­делді.
– Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал, бүгінгі мектептің, мұғалімнің ең қастерлі парызы – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру. Яғни, ұлттық құндылықтарды білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Сондықтан, мұндай тәрбиелік мәні маңызды семинарлар әр мектепте жиі ұйымдастырылады, – деді семинар жұмысына жетекшілік етуші аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі бас инспекторы Мира Жандарбекова.
P.S.: А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық ететін мұғалімді өте жоғары бағалады: «Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес» – деді. Енді осындай ұлағатты сөзге кір келтірмей қызмет қылу мұғалімдердің міндеті...

Әли ТЕМІРБЕК.


30 наурыз 2019 ж. 1 751 0