Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы


«Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімін өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндеттеріміздің бірі». Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауда ұрпақ тәрбиесі жайында айтқан сөзі. Қазақта «Бала – бауыр етің» деген тәмсіл жиі айтылады. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі деген Абай атамыздың керемет нақыл сөзі де мәнін жойған жоқ. Осы сөздің астарында үлкен мағына жатқанын біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Әрбір баланың бойына жастайынан ізгілік пен мейірімділік, адамгершіліктің құнды қасиеттерін бойына сіңіріп, өз-өзіне сенімді және шынайы болуға тәрбиелеуде отбасы мен білім беретін тәрбиешілер мен педагогтар шешуші рөл атқарады.
Міне, осы ой біздің «Аялы алақан» балабақшасының тәрбие ісінің жоспарына айналды. Балабақшадағы әрбір баланың ата-анасымен кез- келген педагог тәрбиешілер тұрақты байланыс орнатқан. Біз үнемі ата-аналар жиналысын жүргізгенде өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіре білу ата – ана мен ұстаздардың міндеті екенін, балаға жан-жақты қамқорлық керек екенін түсіндіріп жүрміз.
Осы істердің атқарылуына «Аялы алақан» балабақша ұжымын айрандай ұйыған отбасына айналдырып, ауызбіршілікке үндеген басшы Бақытгүл Бектасқызының еңбегін айта кеткеніміз жөн. Расында да балабақша мен отбасы арасындағы қарым қатынас артқан сайын тәрбиеленуші бүлдіршіндеріміздің де адамгершілік жаңғыру статусы арта түспек. Осыдан барып, балапандарымызда адамгершілік сезім мен үлкендердің еңбегінқұрметтеу жауапкершілік және отансүйгіштік сынды ойлар бала бойында қалыптаса бастайды. Аталмыш сананы бүлдіршіндерімізге насихаттап қана қоймай, сонымен бірге ата- ана мен балабақша ұжымы бірге екенін сезіндірсек қана саналы ұрпақ тәрбиелейтініміз анық.
Балабақшамызда балаларымызды тәрбиелеу және білім беру үрдісі бізде әртүрлі іс- әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, балалармен ойын ойнау барасында ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір – біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмашылдық, достық сезімдерін арттыруға баулимыз.
Ойын – бала өмірінің нәрі емеспе?! Жалпы, халық ауыз әдебиеттерін оқып отырсақ, балалар ойыны жайлы көптеген ой-тұжырымдар айтылған. Баланың рухани өсіп жетілуінің өзі кішкентайынан ойнаған ойындарына да байланысты. Мысалы, тәрбиелік мәні мен маңызы бар Тоғызқұмалақ, Асық иіру ойындарының өзі балаға тапқырлық, жылдамдық және ойлау санасының жұмыс жасауына көптеген ықпалын тигізеді.
Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, қазақи мәдениетін жасөспірімдер бойына сіңіре отырып, қоршаған ортаға деген қарым қатынасын, мінез құлқын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыруға әрбір адам міндетті. Бүгінде барша халықтың міндеті әдет ғұрпымызды салт дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана сезімі жоғары ойлау қабілеті терең қалыптасқан тәрбиелі ұрпақты өсіріп жеткізу. Осы тұжырымға мысал ретінде қазақ ағартушысы Мағжан Жұмабаевтың: «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» деген түйінін мысал етсек болады. Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін бүгінгі жаһандау үрдісі жүріп жатқан заманда ұлттық мүдде мен ұлттық тәрбиені, ұлттық рухты сақтап қалу үшін аянбай еңбек ету- жүрегі ұлтым деп соққан әрбір азаматтың міндеті екендігін естен шығармауымыз тиіс.
Ақбота Бектасова.
17 сәуір 2018 ж. 1 820 0