№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Анарбек Асановтың өнегелі өмірі

Анарбек Асановтың өнегелі өмірі

Өмір көшінің қиыны мен түйіні, қызығы мен шыжығы, қуанышы мен реніші бірге жүретіні ақиқат. Адам өзінің ғұмырында өрге талпынып,жігері мен күшін туған елінің тыныс тіршілігіне арнасам, сол мақсатымнан жаныма ләззат тапсам деген ұстаныммен баз кешетіні тағы бар. Қайнаған өмірдің иіріміне батпай, ойдағы тілегі мен мұратын көп кәдесіне жарататын – осы жолда басын бәйгеге тігетін жанкешті мінезімен талайды табындыратында адами қасиетті қадір тұтқандар. Кейде соларға қарап қызығасың, сүйінесің, таңқалып, таңданасың, тәліміне тәнті болып таңдай қағасың.Бізде солардай болсақ деген арман көкейде ұялап, ұқсап бағуға тырысасың. Жолын кеспей, ақылы мен нақылына құлақ асасың. Өзгенің алдында тау санап мақтанасың. Тірек санап, тілекшіңдей көресің. Селт етпейтін ауыр мінезіне, көп ақылсынбайтын сабырлылығы мен салқын қандылығына бас иесің. «Ағалардың бәрі де болса осындай» – деген тереңде ұшқыр ой мен сезім жатады.
Жоғарыда тізбектегендей адами қасиет­тердің талайын бойына сіңірген, кісі­лі­гінен кішілігі басым, пейілі кең, зейіні терең ағалардың бірі, кезінде іні болып тәрбиесін алған, біртуар азамат – Анарбек Асанов еді.
Анакеңді 1969 жылдан білемін. Ол кезде ағамыз «Бірлік» кеңшарында партия комитетінің хатшысы болатын. Мен аудандық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Жаңақорған тынысы») газетінде бөлім меңгерушісі болатынмын. Мамандығымыз журналист болғандықтан аудан шаруа­шылықтарында жиі-жиі болып газетке материал дайындайтынбыз. Бірде іс-сапармен «Бірлік» ауылына жол түсті. Мақсатымыз – мал азығын дайындап жат­қан­дармен жүздесу, іс барысымен танысу. Редакторымыз Мырқы Исаевтың тағы бір тапсырмасы сын жағына назар сал-деген. Сонымен ертемен Бірлікке келіп, партком хатшысы деген есіктен бір-ақ шықтым.
Қысқа аман-саулықтан соң партком хатшысы Анекең менің жұмыс сапарымның мақсатын білген соң:
– Бірліктік болсаң, жерлес екенсің «газет деген елдің көзі мен құлағы ғой» сол шаруамен Қауықтағы шөпшілерге барғалы тұр едім. Оның үстіне онкүндікті қорытатын едік. Жолыңыз болды. Бірге жүреміз, – деді салмақты жүзін маған бұрып.
Сол жолғы сапарда Анекеңнің бойына қарап көп сыр түйдім. Салмақты, сабырлы, сөйлейді екен. Көп сөзден гөрі, қысқа айтып, нық шегелейді. Шаруа жайында ешкімнен кем білмейді, арасында ойнақы әзіл-қалжыңы бірге жүреді екен.
Осыдан кейін Анарбек ағамызбен аудан орталығындағы жиын-кеңестерде жиі кездесетінбіз. Кездескен сайын «жазушы бала» сондағы материалыңа жігіттер риза болды деп – көтеріп тастайтын. Шын көңілмен, риза пейілмен айтқанына менде марқайып қалатынмын.
Ағамызбен «тонның ішкі бауындай» араласып, пікірлес болған кезеңдер 1977-1991 жылдардың арасы. Осы жылдары Анекең аудандық білім бөлімінің меңгершуісі болып қызмет атқарды. Бұған дейінде танымал азамат партия ұсынған қызметтердің де талайын абыроймен атқарған еді. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан өңірінің бірқатар мектептерінде мұғалім, мектеп директоры, 1988 жылы туған жерге келіп №167 Жаңаарық мектебінде директор, аудандық парткабинеттің меңгерушісі, «Бірлік» кеңшарында партком хатшысы болып қызметтер атқарып, жоғары орындардың ойынан шығып, өзінің ұйымдастырушылық, талапшылдық қабілет-қарымын таныта білген еді. 1977 жылдан зейнет демалы­сына шыққанға дейін 14 жыл аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болып, ауданның оқу-ағарту саласына лайықты үлесін қосқан.
Осы кезде мен «Білім» қоғамы аудан­дық ұйымының жауапты хатшысы бола­тынмын. Облыстағы бастығым Айтбай Ыстықбаев болса, аудандағы бастығым, яғни «Білім» қоғамы аудандық ұйымының төрағасы (қоғамдық негізде) Анарбек аға болатын. Себебі Кеңес өкіметі жылдарында саяси-идеологиялық жұмыстың бір бөлігін «Білім» қоғамының мүшелері атқаратын. Лекциялық-насихат, халық университеті, қоғамдық оқулар секілді саланың ұйым­дас­тырушысы әр аудандардағы «Білім» қоғамының бастауыш ұйымдары болатын. Ұйымның іс-жоспары, жергілікті ұйым­дармен байланыс, конференция, пленум өткізу секілді-шаралардың барлығы да жауапты хатшының мойнында еді. Осын­­дай аласапыран жұмыстарда төра­ға Анекеңнің көмегін, жәрдемін көп көрдім. Кейде пленум өткізетін тұста білім бөлімінің бір-екі инспекторын асар­ға жіберетін. Анекеңнің арқасында бар­лық кеңшарлардағы бастауыш ұйым­дардың жетекшілерін мектеп дирек­торларынан тағайындадық. Мұның өзі жергілікті жерлердегі лекциялық-наси­хат жұмысының өрісін кеңейтіп, есепті кезеңдердің есебін жеңілдететін. Анекеңнің арқасында жауапты хатшының қолы біршама ұзарған еді.
«Білім» қоғамында істеген бес жылдай уақытта Анарбек ағамызбен бірге облыстық «Білім» қоғамының пленум, конференцияларына жылына 4-5 рет, Аламаты мен Шымкентте өткен семинар кеңестерге талай рет барған едік. Менің сондағы байқағаным Анекең бойында асып-тасу атымен жоқ. Зіл сақтап, орынсыз кінә тағуды білмейді. Жеткізер ойын жаймен, сабыр сақтап, қысқа қайырғанды ұнатады. Дене бітімінің кеңдігіндей пейілі де кең. Өзін тыңдатып, өзгені тыңдай білетін. Сөзді орнымен айтып, намысқа тигенді қаламайтын.
«Білім» қоғамында істеген 1976-1981 жылдарда Анекеңмен қоян-қолтық араласып жұмыс жасадық. Ақылын тыңдап өстік. «Білім» қоғамынан аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөліміне нұсқаушы болып 1981 жылы аусқаннан кейінде Анекеңмен жұмыс бабында жиі араласуға тура келді. Өйткені білім бөлімі үгіт және насихат бөлімінің қарауында болатын.
Ғұмырының көбін туған елінің өсіп-өркендеуіне, ұрпақтың тәлімі мен тәрбиесіне арнаған, білім саласының ауыр жүгін арқалап, одан ойдағыдай нәтиже шығарған-Анарбектей ағаның әрине, аудандағы орны бөлек. Жұбайы Рысты екеуінен өрбіген 3 ұл, 4 қыздары бүгінде әке үмітін ақтаған бір-бір оттың иелері. Бәріде жоғары білім алып, әрсалада еліне лайықты қызмет атқарып жүргендер. «Ат тұяғын, тай басар» деген осы болар.
Кесек бітім, тау тұлғалы ағаның,
Талай ұрпақ үлгі тұтты қадамын
Елің үшін еткен еңбек еленген,
О, ағажан тұлғалы ұлға баладым.

Файзулла САХИЕВ,
Халықаралық Жазушылар
Одағының мүшесі

28 қыркүйек 2019 ж. 763 0