Оразаның тура екінші күні. Кешқұрым қызымды көтеріп, үйге кіре бергенім сол, айғайлап, шуласқан балалардың даусы құлаққа жетті. Есікті ашып қарасам, «Айтайын Жарамазан үйіңізге, ерекше әсер етсін күйіңізге. Алып шық, салып шық, сар табаққа салып шық, сар табаққа сыймаса етегіңе салып шық», – деп жыр жырлаған...