Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

40 күннің құпиясы

Біздің қазақ, жаңа туған нәрестені 40 күнге дейін сыртқа шығармай, бөтен көзге көрсетпей, тығып ұстайды. Бұл ғұрпын «қырқынан шығару» деп атайды. Бұл дәстүр не үшін ойлап табылған? Дәл қазір осы тақырыпты әркім өзінше жорамалдап, әлі келгенше талдаған болып жатыр. Кейбіреулер «қырық» атауынан шамандық із көрсе, енді біреулер символикалық мән, философия іздеуде. Алайда бұл пікір-пайымдардың ешқайсысы дұрыс емес. Бұл салт – таза тұрмыстық қажеттіліктен туған. Әрі бұл жоралғыны медицинадан хабары бар адам ойлап шығарған.

Жоға, бұл менің сөзім емес. Шымкенттегі №2 балалар емханасының педиаторы Мәнсия Кабулова осылай дейді. Балалар дәрігері – «Жаңа туған нәрестеге бөлменің сыртындағы ауа, туыс емес кісілер, барлығы-барлығы бөтен саналады. Себебі – бөтен зат, бөгде кісілерде түрлі микроб болады. Бүлдіршіннің ағзасы ол вирустарды танымайды. Соның кесірінен ауырып қалуы ықтимал. Бұған біздің қазекем талай ғасырлық тәжірибесі арқылы көз жеткізген. Соңыра, осы ғұрыпты өмірге әкелген», – дейді әпкеміз.
Ұмытып барамын. Бұл дәрігер ұлымның кіндік шешесі. Қырық күн бойы үйге келіп, бөбегімді тұзды сумен шомылдырып жүргенде осы ойын айтып еді. Тұз демекші, әпкеміз жаңа туған нәрестені тұзды суға малудың қандай пайдасы барын да айтып берді. Сөйтсек, тұзға піскен сәби шымыр болады, әрі есейген соң денесі зақымданса жарасы тез жазылады екен. Тұзды суға шомылдырудың пайдасын Қабылсейіт Ахмед дейтін кісінің де айтқаны бар. Бейжің мен Алматы арасында көп жүреді. Сондай сапардың бірінді іші бүріп, Қытайдағы бір ауруханаға түскен. Әрмен қарай сөзді өзіне берсек: «Соқырішек деген диагноз қойды. Ота жасалды. Есімді жидым. Іле-шала көрпені көтеріп қараймын ғой баяғы. Байқасам, қарнымды екі-ақ жіппен тарта салған. Ал палатада менімен бірге жатқан қытайлықтардың ішін шимайлап тігіпті. Неге бұлай?» – деп сұрадым. Бас дәрігер: «Қазақтар кішкентайынан тұзды суға шомылады. Бұл тұзда натрий дейтін элемент қанның тез қоюлануына себепкер. Соның себебімен, қазақтардың тілінген, кесілген жерлері тез бітеді», – деді.
Расымен, Қабекеңнің жарасы жылдам жазылып, апта толмай жүгіріп кеткен. Ал бір уақта отаға түскен ханзулықтар айға жуық төсекте таңылып жатқан.
Жә, тақырыптан ауытқып барамыз. Қырқынан шығару дәстүрінің пайда болуына сәбиден бөлек, анасының да денсаулығы түрткі болған. Үйдегі батырым әне-міне өмірге келеді деп күтіп жүргенде, әйелімді «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына» талай тасыдым ғой. Босанған соң «Өзіңді күт, үйт-бүйт» деп кеңес берген Зинаида Андронова есімді дәрігер осы «қырқынан шығару» ғұрпын қуаттайтын керемет бір құбылысты айтты. Әйел адам босанғаннан кейін 40 күн бойына қан келіп тұрады. Мұны медицина тілінде «лохия» деп атайды. Бұл кезде әйелдің денсаулығы өте әлсіз болады. Түрлі инфекцияны жұқтырып алуы мүмкін. Сол себепті, жаңа туған ана жұртпен көп араласпауы керек. Мүмкін болса, бір бөлмеде күтінгені жақсы», – деп әңгімені ұрып тұр.
Осы арада мен Зинаида апайымның сөзін үзіп, мұны біздің қазақ білген, – дедім. «Қырқынан шығару» дәстүрі мен шарт-амалдарын айтып беріп ем, таңғалды. Сонау ескі замандарда, баланың иммунитетін бөлме атмосферасында шынықтырып алуды қазақ қайдан білген екен?» – деп таңдай қағумен болды.
Сосын, қырық күн дегенге «қатып» қалудың қажеті жоқ, – деп өз ақылын қосты. Босанғаннан кейін қан келу барлық әйелдерде бірдей емес. Денсаулығы мықты аналар бұл кезеңнен 40 күн толмай ерте шығып кетеді, – деді.
Е-е-е, деп ойланып қалдым. Шынымен, бұл салт санға байланып қалмаған екен ғой. Менің туған інім «қырқынан» ерте шығарылғанын білем. 321 күнде-ақ басын тіктеп, айналаға көз тоқтата алатын болыпты. Соңғы жолды жазуымның себебі, тағы да саннан сиқыр іздеудің қажеті жоқ дегенім ғой.
Қорытынды орнына айтпағым, қазақтың көп дәстүрінен мистика іздеп әуреленбеңіз. Ғұрпымыздың көбі таза медициналық қажеттілік пен тұрмыстың талабынан туған.

Нұрбек БЕКБАУ,
аранайы «Жаңақорған тынысы» үшін

10 шілде 2019 ж. 1 523 0