№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ҚАЗАҚСТАН: БОЛАШАҚҚА БЕРІК ҚАДАМ

ҚАЗАҚСТАН: БОЛАШАҚҚА БЕРІК ҚАДАМ



Қазақстанның құқықтық жүйесін жетілдірумен қатар, ұлттық дәстүр мен тарихты қадірлеу арқылы елдің болашағын сенімді және берік негізде қалыптастыратын стратегиялық реформа қолға алынуда.

Осы орайда, Жетісу облыстық коалиция төрағасы Арыстанғали Арын «Біздің назарда» подкастында жаңа Конституциялық реформаның маңыздылығын жан-жақты түсіндірді. Комиссия мүшесі Гүлнәр Тойлыбаева Парламенттің атауы мен құрылымындағы өзгерістердің тек сыртқы жаңалық емес, елдің тарихи мұрасын, мәдени құндылықтарын сақтап, заманауи талаптарға сай Қазақстанның дамуын қамтамасыз ететін нақты қадам екенін атап өтті.

Реформа билік тармақтары арасындағы теңгерімді күшейтіп, заң шығарушы органның жұмысын ашық, тиімді және нәтижелі етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қабылданған шешімдер қоғамдағы сенімді нығайтып, мемлекеттің тұрақтылығына берік негіз қалады.

Бұл бастама – еліміздің құқықтық жүйесін жаңғыртып қана қоймай, ұлттық дәстүр мен тарихқа құрмет көрсету арқылы болашақ ұрпаққа сенімді және әділетті Қазақстан қалдыруға бағытталған маңызды қадам.
09 наурыз 2026 ж. 609 0