БОЛАШАҚ ТАҢДАУЫ – ХАЛЫҚ ҚОЛЫНДА

Елдің дамуы мен қоғамның алға басуы әр азаматтың белсенді көзқарасы мен саналы шешіміне байланысты. Осы орайда ауданның ерікті жастары «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесіп, Жаңа Конституция жобасының маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жастар әр шаңыраққа барып, тұрғындармен ашық әңгіме құрды. Бұл жүздесулер ресми жиыннан гөрі еркін пікір алмасуға құрылған шынайы кездесулер болды. Әңгіме барысында елдің ертеңі, әділетті қоғам құру, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігі секілді маңызды тақырыптар қозғалды. Тұрғындар өз ойларын ашық айтып, сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Кездесу барысында Жаңа Конституция – тек құқықтық құжат қана емес, әр азаматтың өміріне әсер ететін, елдің даму бағытын айқындайтын маңызды негіз екені түсіндірілді. Бұл – халықтың үні ескеріліп, ел болашағы ортақ пікір арқылы қалыптасатын маңызды қадам.
Осындай тікелей жүздесулер тұрғындардың ел өміріндегі маңызды шешімдерге деген қызығушылығын арттырып, алдағы референдумға жауапкершілікпен қарауға үндеді.
Өйткені мықты мемлекет – саналы таңдау жасайтын азаматтардан құралады. Ал елдің ертеңі – бүгінгі дұрыс шешімнен басталады.
#Референдум2026
#ЖаңаКонституция
#АтаЗаң
#ХалықпенБірге
#СаналыТаңдау




