Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АУДАН ӘКІМІ СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ БАҚЫЛАДЫ.

АУДАН ӘКІМІ СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ БАҚЫЛАДЫ.



Аудан әкімі Мажит Самитов Бесарық, Көлтоған және Жиделі су нысандарының жағдайымен танысып, ондағы су деңгейін бақылап шықты.Аралау барысында су қоймаларының қазіргі ахуалы, көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары, гидротехникалық нысандардың техникалық жағдайы және су жинау мүмкіндігі қаралды.
Су шаруашылығы саласының мамандары су қоймаларының қазіргі жағдайы, су жиналу деңгейін баяндады.

Жаманбай батыр ауылдық округіндегі «Бесарық» су қоймасында қазіргі таңда су жиналу деңгейі қалыпты деңгейде. Бұған дейін мұнда су үнемдеу және суармалы жер көлемін арттыру мақсатында науалық суару жүйесі салынды.
Манап ауылдық округіндегі тоғанды жөндеуге жоба әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылған.
Ал Ақүйік ауылдық округіндегі «Көлтоған» және Жайылма аумағындағы «Жиделі» су қоймаларының жағдайы қаралып, су деңгейі бақылауға алынды.

Аудан әкімі жауапты сала басшыларына су нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, гидротехникалық құрылыстардың жағдайын, ондағы су деңгейін тұрақты бақылауда ұстау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

#Жаңақорған
09 наурыз 2026 ж. 46 0