№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: ҚЫЗЫЛОРДА – ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: ҚЫЗЫЛОРДА – ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

Кеше ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойылған халық тұтынатын тауарлардың отандық өндірісін арттыру бойынша міндеттерін орындау және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел өңірлерінде жұмыс сапарлары кезінде экономиканы әртараптандыру бойынша берілген тапсырмаларын іске асыру аясында «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мәселелері қаралды.

Жеңілдікпен несиелендіруді жүзеге асыру бағдарламасын іске асыру бойынша Жобалық кеңсе жұмысы, «қарапайым заттар экономикасы» тауарларын сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек, «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев баяндамасы тыңдалды.
Жобалық кеңсе жұмысында «қарапайым заттар экономикасының» 1 трлн. теңгеден астам сомаға 1500-ден астам жобасы бар.
«Қарапайым заттар экономикасы» жобалары бойынша бизнестің жоғары белсенділігі Ақмола, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстарында байқалып отыр. Өз кезегінде, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдеріне халық тұтынатын тауарлар өндірісін ұлғайту бойынша жұмыстарды күшейту, оның ішінде шығарылатын өнім көлемі мен құнына баса назар аудару тапсырылды.
ҚР Үкіметінің басшысы бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, «қарапайым заттар экономикасы» жобаларын дамыту үшін жеңілдікті қаржыландыру шарттары өзгертілгенін айтты. Атап айтқанда, пайыздық мөлшерлемесі 6 процентке дейін төмендетілді, қарызды төлеудің жеңілдікті кезеңі енгізілді, шығарылатын өнімнің 45 жаңа түрі қосылды. Қабылданған шаралар біршама компанияларға жеңілдікті қаржыландыру мүмкіндігін береді.
Осы жұмыстарды одан әрі белсендіру мақсатында ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кешенінің жобаларының айналым қаражатын толықтыру үшін субсидияларды ұлғайтуға қаражат бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды.

СЫР ЕЛІНІҢ СЕРПІНІ

Елімізде «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту мақсатында 600 млрд. теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлініп, басым жобаларға жеңілдетілген несие берудің бағдарламасы іске қосылғаны белгілі. «Қарапайым заттар экономикасы» деген ұғым азық-түлік, киім-кешек, құрылысқа қажетті құрал-жабдық сынды күнделікті тұрмыста аса қажет заттармен етене байланысты.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Орталық жобалық кеңсе әзірлеген есепке сай үздік екінші орында. Ағымдағы жылдың 13 маусымдағы жағдай бойынша жобалық кеңсе жұмысында жалпы құны 12,5 млрд. теңгені құрайтын 116 жоба қамтылған. Оның ішінде құны 801 млн теңге болатын 8 жобаны банктер мақұлдаған. Ал құны 2,0 млрд. теңгені құрайтын 21 жоба өтінімі қаралу үстінде екен. Ендігі кезекте, өңір бойынша бағдарлама шеңберінде қаралып жатқан 116 жобаға талдау жасасақ. Біріншіден, құны 801,1 млн теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданған. Екіншіден, құны 2530,0 млн теңгені құрайтын 23 жоба Екінші деңгейлі банктер (ЕДБ-р) қарауында. Үшіншіден, құны 3467,3 млн теңгені құрайтын 39 жоба - ЕДБ-ге құжаттар жинақтауда. Төртіншіден, құны 4795,0 млн теңгеге 10 жоба – идея жағдайында. Бесіншіден, құны 182,0 млн теңгені құрайтын 2 жоба өз қаражаты есебінен қаржыландырылған.
Осылайша республика бойынша жобалық кеңседе қамтылған жобалардың саны жағынан Сыр өңірі екінші орында. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлер қауымына үлкен қолдау. Сөз соңында айта кететіні, қазіргі таңда Қазақстан өндірістік тауарлардың, яғни киім-кешектің, құрылысқа қажетті материалдардың, түрлі жиһаздардың 82 пайызын, азық-түлік өнімдерінің 23 пайызын шет мемлекеттерден сатып алады. Сол себепті Үкімет «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға ден қойып, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға сол арқылы импорттың үлесін азайтуға маңыз беріп отыр.

Дайындаған Ерлан РАЙЫМБЕК
10 шілде 2019 ж. 764 0