№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ҚИЯРҒА ДА ПИАР КЕРЕК

ҚИЯРҒА ДА ПИАР КЕРЕК



Лондондықтар бұл ғимаратты қияр деп атайды. Негізі ресми аты да бар. Ол "Мэри- Экс". 41 қабаттан тұрады. Биіктігі 180 метр.
Бұл қияр Лондон қаласының қақ ортасынан 2003 жылы өсіп шықты.
Содан бері Ағылшын астанасына келген адамның назарын өзіне бірден аудартады.

Қияр ғимараттың авторы атақты Норман Фостер. Бұл болашақтың мұнарасы. Оны көрген адамға жаңа технология дәуірі елестейді. Фостердің де идеясы сол болатын. Қияр мұнараның жалпақтығы төменгі бөлігінде 49 метрден басталса, бел ортасына келгенде 57 метрге дейін созылады. Ал, ұшар басында ені 25 метр ғана болып қалады.

Бұл ғимарат кезінде 400 млн. долларға салынған. Онда орналасқан Швейцариялық компания қазір оның бағасын 1 млрд. 118 млн. долларға бағалап отыр...
Айбол Карашев парақшасынан...
09 шілде 2019 ж. 752 0