Дінислам Доскелді ағамыздың қойын дәптерінен
Күзгі тіршілік
Күздің бүгін суық желі сумаңдап,
Жаурап тұрды күзгі жаңбыр жуған бақ.
Жасыл көйлек киіліп тұратын,
Міне келді сәнін бақтың қуған шақ.
Әуезді әнге толушы еді маңайым,
Не бір үннің еститінмін талайын.
Ол күндерде алыс қалды ағаштың,
Енді аз күнде қырау басар самайын.
Тірілері жасап жатыр тірлігін,
Күн суыса аяр екен кімді кім.
Күні ыстық кешегі ашық аспан да,
Сұр киізбен жауып алды түндігін.
Әр мезгілдің өзіне тән ырысы,
Төккен терден сезіледі тынысы.
Құз көңілін көтереді төккен тер.
Тынбай еңбек жасаған-ау дұрысы.
Ей ағайын!
Ей, ағайын! нәр беріп, нәр аламын,
Білсеңдер мен сол үшін жаралғанмын.
Бар бақытым өздерің болғаннан соң,
Сендерменен бір болу бар арманым.
Сендер барда баймында бақыттымын,
Сендер барда жыр төгер шабыттымын.
Сендерменен өтсе екен өтер жылым,
Сендер барда өтеді ағып күнім.
Сендер менің тойым да қуанышым,
Тарыққанда жанымда жұбанышым.
Ең құрыса жүрем ғой ойларыңда
Ауылды ойлай қалса тым алыссың.
Көкіректі қумасын желік бекер.
Одан пайда болмайды келіп кетер.
Ағалар
Бұл жасқа аға жеттік-ау бұйырғанда
Амандықты сұраушы ең сиынғанда.
Отырамыз бата ғып, дұға оқып,
Алқаласып бас қосып жиылғанда.
Өмірдің піскен ыстық-суығына,
Ақылман алыс, жақын жуығына.
Әрбір істі ойлайды әрісінен,
Түспейді жалғандықтың құрығына
Отырады көбіне тыңдап қана,
Керегіне көзімен ымдап дара.
Маңдайының қарашы қатпарына,
Теріп алып жіберген шыңдап дала.
Силасаң сила інім осыларды,
Соғыста жастығының қосы қалды.
Бұларда бір топ жандар еді кеше
Сирексіп қатарынан осы қалды.
Үндемейді, сөйлесе төгіледі,
Жанын кейде өкініш кеміреді.
Қырып кеше тастадым демейді де
Жараспас қайбіреуден көкігені.
Кісілігі емес, ол сыздағаны,
Байқа сен, ол даланың мұз балағы.
Әрбірінің орны бар аңдағанға,
Соңында айтатұғын із қалады.
Әрбір іні қарыздар ағасына,
Әрқайсының біліп жүр бағасын да.
Сенің басқан қадамың өмірдегі,
Солардың сайрап жатар санасында.
Дінислам Доскелді.
Күздің бүгін суық желі сумаңдап,
Жаурап тұрды күзгі жаңбыр жуған бақ.
Жасыл көйлек киіліп тұратын,
Міне келді сәнін бақтың қуған шақ.
Әуезді әнге толушы еді маңайым,
Не бір үннің еститінмін талайын.
Ол күндерде алыс қалды ағаштың,
Енді аз күнде қырау басар самайын.
Тірілері жасап жатыр тірлігін,
Күн суыса аяр екен кімді кім.
Күні ыстық кешегі ашық аспан да,
Сұр киізбен жауып алды түндігін.
Әр мезгілдің өзіне тән ырысы,
Төккен терден сезіледі тынысы.
Құз көңілін көтереді төккен тер.
Тынбай еңбек жасаған-ау дұрысы.
Ей ағайын!
Ей, ағайын! нәр беріп, нәр аламын,
Білсеңдер мен сол үшін жаралғанмын.
Бар бақытым өздерің болғаннан соң,
Сендерменен бір болу бар арманым.
Сендер барда баймында бақыттымын,
Сендер барда жыр төгер шабыттымын.
Сендерменен өтсе екен өтер жылым,
Сендер барда өтеді ағып күнім.
Сендер менің тойым да қуанышым,
Тарыққанда жанымда жұбанышым.
Ең құрыса жүрем ғой ойларыңда
Ауылды ойлай қалса тым алыссың.
Көкіректі қумасын желік бекер.
Одан пайда болмайды келіп кетер.
Ағалар
Бұл жасқа аға жеттік-ау бұйырғанда
Амандықты сұраушы ең сиынғанда.
Отырамыз бата ғып, дұға оқып,
Алқаласып бас қосып жиылғанда.
Өмірдің піскен ыстық-суығына,
Ақылман алыс, жақын жуығына.
Әрбір істі ойлайды әрісінен,
Түспейді жалғандықтың құрығына
Отырады көбіне тыңдап қана,
Керегіне көзімен ымдап дара.
Маңдайының қарашы қатпарына,
Теріп алып жіберген шыңдап дала.
Силасаң сила інім осыларды,
Соғыста жастығының қосы қалды.
Бұларда бір топ жандар еді кеше
Сирексіп қатарынан осы қалды.
Үндемейді, сөйлесе төгіледі,
Жанын кейде өкініш кеміреді.
Қырып кеше тастадым демейді де
Жараспас қайбіреуден көкігені.
Кісілігі емес, ол сыздағаны,
Байқа сен, ол даланың мұз балағы.
Әрбірінің орны бар аңдағанға,
Соңында айтатұғын із қалады.
Әрбір іні қарыздар ағасына,
Әрқайсының біліп жүр бағасын да.
Сенің басқан қадамың өмірдегі,
Солардың сайрап жатар санасында.
Дінислам Доскелді.