№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оразаның қасиеті

Оразаның қасиеті


Қияметте ораза тұтқандар қабірлерінен шығады. Періштелер оларды иісінен айырып, қарсы алады, түрлі тамақ ұсынып: «Ішіңдер, жеңдер, сендер дүниеде ораза тұтып, аш жүрдіңдер», – дейді екен. Ал ол кезде ораза тұтпай, дүние қамымен жүргендер Аллаға есеп беріп, алаөкпе болып жатады екен.

Бірде ораза айында бір мәжуси баласының базарда тамақ жеп тұрғанын көреді. Өзі мұсылман болмаса да әлгі адам баласына мұсылмандардың тәртібін бұздың деп ұрсады.
Көп ұзамай әлгі кісі дүниеден өтеді. Бұған куә болған бір ғалым адам бір күні түс көреді. Түсінде әлгі мәжуси жәннат төсегінде жатыр екен.
  • Сен баяғы мәжуси емессің бе? – дейді ғалым.
  • Иә, дәл соның өзімін. Ақырғы сәт жақындағанда аспаннан бір шақыру келді.
  • Ей, періште, бұл мәжусиді тастама, қайта Исламмен құрметте, себебі ол рамаданның құрметін білді, – депті Алла тағала.
  • Мұсылмандар рамадан айын ұлықтап, құрметтеуі тиіс. Өйткені рамадан – рахымдылық, кешірім және берекет айы.
Сол себепті біз осы айда Алла тағалаға құлшылығымызды күшейтіп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтуымыз керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер кім де кім рамадан айы біткенше намаз бен Құранды жамағатпен оқыса Қадір түнінің сауабын алады», – деген.
25 мамыр 2018 ж. 1 713 0