№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Орман өрті опық жегізбесін

Орман өрті опық жегізбесін

Қазір аптап ыстық, шіліңгір шілде, сондықтан орман-тоғай, өзен-көл жағалауында оттық пайдаланғанда барынша сақ болған жөн. Биыл дала өртінен қауіп келген жоқ, бірақ қол қусырып қарап отыруға да болмайды. Өрт болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін оқу-жаттығу арқылы пысықтап алу маңызды. Осы бағытта Сыр өңірі мен шекаралас Түркістан облысының төтенше жағдайлар қызметкерлері бірлескен дайындығын жыл сайын осы мезгілде пысықтап алады. Өткен апта басында Түркістан облысымен шекаралас «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік жер қорының №15 айналымының №60 оралымында орман тоғай өрттерін сөндіру кезіндегі өрт-тактикалық жаттығу жиыны өтті.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің биылғы жұмыс жоспарына сәйкес, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылдық округімен Түркістан облысының шекаралас аймағында орман тоғайлы жерлердегі өрт қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында бірлескен дайындық ұйымдастырылды.
– Бұл жыл сайын өтетін трансшекаралық оқу-жаттығу жиыны. Көрші облыспен үнемі байланыс орнатып, өрт бола қалған жағдайда бірлесе әрекет етудің қам-қарекетін пысықтап алудамыз. Апат айтып келмейді, сондықтан, тілсіз жаудың алдын алу мақсатында жыл сайын бірлесе әрекет етіп келеміз, – деді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, «өрт сөндіру» және авариялық құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Әбділда Баякеев.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің басшылығымен Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімі күштер мен құралдарын және өзара бірлесіп әрекет ету нұсқаулығына сәйкес, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе өрт тактикалық жаттығу өткізілді. Жаттығуға «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесі, аудандық полиция, жедел-жәрдем бөлімі және Талап, Аққорған, Келінтөбе ауылдық округі әкімдігі қатыстырылды.
Уақыт оздырмай орман жерінің 5 гектар жері отқа оранды. Оқиға орнына жұмылдырылған қызметтердің күш-құралдарымен техникалары тездетіп аттанды. Алдымен орман және жануарлар дүниесін орғау мекемесінің техникасы мен елді мекеннен келген тұрғындар аттанды. Одан кейін аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жедел іске кірісті. Үшінші аймаққа түркістандық өрт сөндірушілер жедел жетті. Іске кіріскен қызметкерлер дереу отты ауыздықтап, берілген тапсырманы дер кезінде тиянақтады.
– Түркістан облысынан арнайы келіп, жыл сайын бірлескен шараға қатысып тұруды дәстүрге айналдырдық. Бұл қос аймақ үшін де тиімді тәсіл, бірлескен істе береке бар. Ең бастысы, табиғат байлығын сақтап, алапат өрттен аман алып қалудың алдын алу. Жаттығуға 1 қызметтік Нива автокөлігі, 2 қызметкер, 1 АЦ-5,0-40 Камаз, өрт сөндіру автокөлігі және 6 қызметкерді ерте келдік, – деді Түркістан облысының төитенше жағдайлар департаменті басғның орынбасары Дәурен Таубаев.
Сонымен жыл сайын өткізілетін оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Әсіресе үш ауылдың тұрғындары белсене ат салысты.
– Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінен 1 қызметтік автокөлік, 4 қызметкер, Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімінен 11 өрт сөндіру автокөлігімен 8 қызметкер, «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесінен 3 техника, өрт сөндіру автокөлігі, 7 өрт сөндіруші, Нива мемлекеттік көлігі мен 25 орманшы қосымша жеке автокөлік және 1 МТЗ-80 тракторы соқасымен қатыстырылды. Аудандық полиция бөлімінен 1 қызметтік Уаз Хантер автокөлігімен 2 қызметкер, аудандық жедел-жәрдем бөлімінен 3 қызметкер жұмылдырылды, – деді Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Өскен Мүбарак.
Орман және дала өртін ауыздау, алдын алу оқу-жаттығу жиынының соңы қос облыстың алдағы уақытқа үлкен жоспарын құрудың жолын қарастырумен шектелді. Ең бастысы, табиғат байлығымыз аман болса болғаны.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
10 шілде 2021 ж. 597 0