№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Табиғат – ортақ байлығымыз

Табиғат – ортақ байлығымыз

Аудан көлемінде тіркелетін төтенше жағдайлар, әсіресе, өрт оқиғасы азаяр емес. Оның ішінде, орман-тоғайдан келетін өрт өте қауіпті. Сондықтан оның алдын алу, табиғат байлығын қорғау құзырлы мекемелердің міндеті. Осыған байланысты жылда дала өртіне байланысты оқу-жаттығу жиыны өтеді. Бұл жолғы оқу-жаттығу Кейден ауылдық округіне қарасты «Жаңақорған орман және жануарлар дүнесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің» 6айналым, №38 оралымында ұйымдастырылды.

– Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов бекіткен «2021 жылғы өрт қауіпті маусымда Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 3 бөліміне сәйкес оқу-жаттығу өткізілді. Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау гарнизонының қызметкерлері, «Жаңақорған орман және жануарлар дүнесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің қызметкерлері және Кейден ауылдық округі әкімдігінің ерікті өртке қарсы құрылымдары мен техникалары қатыстырылды. Мақсат – бірлескен өрт тактикалық оқу жаттығуын пысықтап алу болды, – деді төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Берікбай Омаров.
Суға түсу маусымы жақындады, осы мезгілде суға кету мен өрт оқиғасы тіптен өршиді. Әсіресе, орман-тоғай өрті қауіпті. Жалпы табиғат байлығының аса бір күрделі саласының бірі орман-тоғайлар өрттері алдыңғы жылдармен салыстырғанда жоғарылаған. Орман қоры жеріндегі өрттердің басты себептері орман қоры жерлерінде жүрген азаматтардың қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау салдарынан орын алып отыр. Орман қоры жерін қорғау, өсіру, қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Табиғат байлығының құрамдас бөлігі орман-тоғайдың халық шаруашылығындағы маңызы сан қырлы.
Өрт тактикалық оқу-жаттығуға қатысқан қызметкерлері мен техни­каларға тоқталсақ. Жаңақорған ауда­нының азаматтық қорғау гарни­зонынан – 10 қызметкер, 2 техника (1 Урал өрт сөндіру автокөлігі, 1 «SSang Yong Kyron» қызметтік автокөлігі). Сондай-ақ, «Жаңақорған орман және жануарлар дүнесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нен – 24 қызметкер қатысты. 3 техника (1 Урал өрт сөндіру және 2 Нива) қатыстырылды.
– Кейден ауылдық округі әкімдігінің ерікті өртке қарсы құрылымдарынан 8 қызметкер, 3 техника әкелінді. Нива, Жигули және Газ-663 көлігі бар. Былтыр да осы аумаққа дайындық жұмысына жұмылдырылғанбыз. Табиғат байлығын қорғау әрбір тұрғынның азаматтық парызы деп білеміз. Сондықтан кейдендік қызметкерлер үшін оқу-жаттығу жұмысы таңсық емес. Біз әрдайым дайынбыз, – деді Кейден ауылдық округінің әкімі Бақтияр Тоқтыбаев.
Жалпы жыл басынан аудан көлемінде 13 өрт оқиғасы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 3 өртке кеміген. Десе де, орман өрті азаяр емес. Ескерте кететіні, егер орман қоры аумағында от жағып, жанып тұрған шырпыны, темекі тұқылын тастаған болсаңыз, жанар-жағармай заттары сіңген сүрту материалын олар үшін арнайы көзделмеген орындарда қалдырып, ашық отты пайдалансаңыз айыппұл арқалайсыз. Аталған қағиданың талаптарын сақтамай, ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 367 бабында жауапкершілік қарастырылғанын, яғни жеке тұлғаларға 10 АЕК мөлшерінде (29 170 теңге) айыппұл салуға, ал өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет жеке тұлғаларға – 25 АЕК мөлшерінде (72 925 теңге) айыппұл салуға әкеп соғатынын «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» ескертеді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын сақтамау арқылы өз меншігіңіз бен денсаулығыңызға және де өзге де азаматтардың меншігіне, табиғат байлығы мен мемлекет мүлкіне үлкен зиян келтіресіз. Төтенше жағдай немесе өрт оқиғалары болған жағдайда тез арада «101» немесе «23-1-01» телефонына хабарласу керек.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
05 мамыр 2021 ж. 794 0