Соңғы жаңалықтар

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

№79 (8790) 5

05 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Орман мен дала өртіне жол бермейік

Орман мен дала өртіне жол бермейік


Өрт қауіпті мерзіміде жақындап келеді. Бұл кезендерде шаруа қожалықтарындағы диқандар өткен жылдан қалған шөп-шаламды, басқада табиғи қалдықтарды бір жерге жиып өртеп жібереді. Бірақ оттың толық жанып өшуін көбісі қадағаламауы салдарынан, мұнан өзге орман ішінде мал іздеген адамдар немесе аңшылар жаққан оттардан қашқан ұшқынның соңы өртке ұласатынын байқап жүрміз.
Нақтыласақ, 2020 жылдың 30 сәуір күні мемлекеттік орман қорының жерінің 28 оралымында, аудан тұрғыны өзінің жеке малын іздестіру барысында, орман қоры жерінде ашық отты пайдалануы салдарынан 0,30 гектар аумаққа табиғи өртке ұласып кеткен. Аталған дерек бойынша орман қызметкерлерімен жауапты тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жауапты тұлғаға 34 725 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, осы секілді әрекеттердің негізінен, яғни орман қоры жерлерінде ашық отты пайдаланып, толығымен сөндірмей кету салдарынан 2 орман өрті орын алған. Орын алған орман өрттерінен табиғатқа 155 036 теңге көлемінде шығын келтірілген. Осы деректер бойынша АІІб-мен жауапты тұлғаларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Жоғарыда көрсетілегендей орман және дала өрттерін болдырмас үшін аудан көлемінде үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өрт аса қауіпті делінген жерлерде минералдық белдеулер тартылып қажетті делінген орындарға орман өртінің алдын алу бағытында жаңадан аншылактар қойылуда.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.10.2015 жылғы № 18-02/942 санды бюұйрығына сәйкес, өрт аса қауіпті кезендерде, өрт қауіпі бар орманды жерлерге жақын орналасқан ауыл тұрғындары мал жаюға, мал іздеуге немесе балық аулауға, табиғатқа демалуға шықанда өрт қауіпсіздік талаптары мен санитарлық қағидаларын қатаң түрде сақтау қажеттігі көрсетілген (шылым тұқылдарын өшірмей тастауға немесе ашық отты пайдалануға тиым салынады).
Жоғарыдағылардың негізінде, табиғатты қорғау баршамызға ортақ міндет екендігін жеткізе отырып, орман және дала өрттерін болдырмауға үлестеріңізді қосуға шақырамыз.
Бакытжан ИСМАТОВ,
Орман қорғау және күзету
жөніндегі инженері 
11 наурыз 2021 ж. 834 0