№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төтенше жағдайға төтеп бере аламыз ба?

Төтенше жағдайға төтеп бере аламыз ба?


Жыл сайын тіркелетін төтенше жағдай дерегі азаяр емес. Әсіресе өрт оқиғасы қай мезгілде болсын орын алады. Оның ішінде, орман-тоғайдан келетін өрт өте қауіпті. Сондықтан оның алдын алу, табиғат байлығын қорғау құзырлы мекемелердің міндеті. Осы орайда жыл сайын дала өртіне байланысты оқу-жаттығу жиыны өтіп тұрады. Жуырда Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хатына сәйкес, өрт қауіпті кезеңде орман, дала өрттерін болдырмау және оның алдын алу мақсатында оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу Жаңақорған ауданының Кейден ауылдық округіне қарасты «Жаңақорған орман және жануарлар дүнесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің №37 оралымында ұйымдастырылды. Аптап ыстықта кез келген шоқ үлкен өртке айналатыны түсінікті.


– Жалпы дайындыққа Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау гарнизонының қызметкерлері, «Жаңақорған орман және жануарлар дүнесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің қызметкерлері және Кейден ауылдық округі әкімдігінің ерікті өртке қарсы құрылымдары мен техникалары қатыстырылып, бірлескен өрт тактикалық жаттығуын бір пысықтап алдық. Осындай уақытта суға кету, өрт оқиғасы тіптен өршиді. Осындай төтенше жағдайға дайын болуымыз керек, – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Берікбай Омаров.
Жалпы табиғат байлығының аса бір күрделі саласының бірі орман-тоғайлар өрттері алдыңғы жылдармен салыстырғанда жоғарылаған. Орман қоры жеріндегі өрттердің басты себептері орман қоры жерлерінде жүрген азаматтардың қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау салдарынан орын алып отыр. Орман қоры жерін қорғау, өсіру қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Табиғат байлығының құрамдас бөлігі орман-тоғайдың халық шаруашылығындағы маңызы сан қырлы.
Өрт тактикалық оқу-жаттығуға қатысқан қызметкерлері мен техникаларға тоқталсақ. Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау гарнизонынан 9 қызметкер, 2-техника жұмылдырылды. Урал өрт сөндіру автокөлігі, 1-«SSang Yong Kyron» қызметтік автокөлігі. «Жаңақорған орман және жануарлар дүнесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нен 23-қызметкер, 6-техника қатыстырылды.
– Кейден ауылдық округі әкімдігінің ерікті өртке қарсы құрылымдарынан 8 қызметкер, 4 техника келдік. 3 жеңіл көлік пен МТЗ80 тракторы бар. Былтыр да осы аумаққа дайындық жұмысына жұмылдырылғанбыз.Табиғат байлығын қорғау әрбір тұрғынның азаматтық парызы деп білеміз. Сондықтан кейдендік қызметкерлер үшін оқу-жаттығу жұмысы таңсық емес. Біз әрдайым дайынбыз, – деді Кейден ауылдық округінің әкімі Бақтияр Тоқтыбаев.
Жалпы жыл басынан бері алты айдың ішінде аудан көлемінде 30 өрт оқиғасы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 8 өртке кеміп немесе 26 пайызға жоғарылаған. Орын алған 30 өрттің 21-і тұрғын үйлерде, 5-еуі автокөлікте орын алыпты. Сондай-ақ, шілде айына дейін ашық алаңдарда, тұрғын үйдің аула сыртында 14 өртке жатпайтын жау оқиғалары орын алды.
Иә, жоғарыда келтірілген мәліметтерге сәйкес қазіргі таңда аудан көлемінде тұрғын үй секторында өрт оқиғаларының көбейгендігі алаңдатарлықтай. Төтенше жағдайлар бөлімінің дерегіне сәйкес, өрт оқиғаларының басты себептері электр қондырғыларын, желілерін құру, пайдалануда және тұрмыстық пештерді қолдануда өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарының сақталмауынан. Сонымен қатар, азаматтардың белгіленбеген орындарда темекі шегуі салдарынан, отты пайдаланудағы аңғалдық пен баланың отпен ойнау, сонымен қатар басты назар аударатын жайттың бірі тұрмыстық газды пайдаланудағы аңғалдық салдарынан екен.
Сонымен қатар тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде электр сымдарын орнату ереже талаптарының сақталмауы салдарынан орны толмас шығынға әкеліп соғуда. Қора мен тұрғын үйдің маңын тазарту жұмыстарын жүргізу кезінде ашық отты пайдаланып бақылаусыз қалдыру салдарынан, тұрғын үйге, оның ауласындағы басқа құрылыстарында өрт оқиғасы орын алуда.
Төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын сақтамау өз меншігіңіз бен денсаулығыңызға және де өзге де азаматтардың меншігіне, табиғат байлығы мен мемлекет меншігіне мүлкіне үлкен зиян келтіресіз. Төтенше жағдай немесе өрт оқиғалары болған жағдайда тез арада «101» немесе «23-1-01» телефонына хабарласу керек.

Әли ТЕМІРБЕК
22 шілде 2020 ж. 707 0