Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ЖОЛДАУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЫ

ЖОЛДАУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЫ


Бүгін «Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты «Өнер» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Жиын барысында бастауыш партия ұйымының төрағасы Қ.Қошқарбаев сөз сөйлеп, Президент Жолдауында айқындалған ел дамуының негізгі басымдықтары мен алдағы кезеңге қойылған міндеттерге тоқталды.

Әсіресе, білім беру сапасын жетілдіру, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру, педагог мәртебесін нығайту мәселелерінің маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу барысында білім беру ұйымдарының қоғам дамуындағы орны мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі кеңінен сөз болды. Қатысушылар отансүйгіштік, адалдық, еңбекқорлық және жауапкершілік секілді құндылықтарды жастардың бойына сіңіру ортақ міндет екенін жеткізді.

Жиын қорытындысында қатысушылар Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттарды қолдап, белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға және ел дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.
11 қараша 2026 ж. 50 0