ЖОЛДАУДАҒЫ МІНДЕТТЕР – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

«Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты «Білім» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысының Жолдауын қолдауға және онда белгіленген басым бағыттарды талқылауға арналған жиын өтті.
Басқосуда бастауыш партия ұйымының төрағасы Алмат Мампаев сөз сөйлеп, Жолдауда көтерілген маңызды мәселелерге тоқталды. Әсіресе, білім беру саласын жетілдіру, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау, заманауи талаптарға сай білікті мамандар даярлау бағыттарының маңызын атап өтті.
Жиын барысында Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда білім саласы өкілдерінің рөлі мен жауапкершілігі сөз болды. Қатысушылар ел дамуының жаңа бағыттарын қолдай отырып, ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеудің маңызын жеткізді.
Мұндай кездесулер маңызды бастамалардың мәнін терең түсінуге, оны жүзеге асыруға қоғам болып атсалысуға жол ашады.




