Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады
12-14 қарашада республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр және қар аралас жауын-шашын жауады, деп хабарлайдыEgemen.kz.
Ауа температурасы:
Батыста түнде температура 2-9 градусқа дейін жоғарылайды, күндіз 8-17 градус жылы болады.Солтүстікте түнде сынап бағанасы 2-10 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 2 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.Орталықта және шығыста түнде 5-15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 3 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.
«Ал оңтүстікте – түнде 1-8 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5-12 градус жылыға дейін жоғарылайды. Оңтүстік-шығыста түнде 3-8 градус, таулы аудандарда 11-16 градус аяз болады. Күндіз 2-10 градус жылыға дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1-6 градус аяз болады», делінген хабарламада.Бүгін Ақмола, Абай, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жетісу, Павлодар, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы ауа райына байланысты 12 облыстың көлік жүргізушілеріне ескерту жарияланды.




