№7 (8921) 27

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (8920) 24

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (8919) 21

21 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ОРМАН ӨРТКЕ ОРАНБАСЫН

ОРМАН ӨРТКЕ ОРАНБАСЫН

Аптап ыстықта орманның қауіпсіздігін бақылау күшейеді. Себебі, жаз мезгіліндегі орман өрті өте қауіпті.

Бірнеше шақырымды шарпитын жа­лын­мен алысу табиғатқа зиянын тигі­зеді. Сондықтан, жыл сайыны алдын алу шараларын ұйымдастырамыз. «Жаңа­қорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» аудан көлемінде, яғни ауылдық округтер мен елді мекендерге орман өртінің алдын алу мақсатында ескерту хаттар, 520 дана үгіт-насихат плакаттары таратылып, орман қоры жеріне жаңадан 10 дана аншлагтар қойылды.
Қазір мекемеде 8 өрт сөндіруші қыз­мет атқарады. Мекеме өртке қарсы құрал-саймандармен жабдықталған. 26 ауылдық округтен ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылып, техникалар мен адамдардың тізімі бекітілген. Яғни, 306 қызметкер, 56-трактор, 51 көлік дайын. 2019 жылдың сәуір айында орман қоры жерінде екі рет өртке қарсы ерікті топ жасақтары және аудандық №10 өрт сөндіру бөлімімен бірлескен өрт тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Жыл басынан бері 1 өрт тіркелді.

Бақытжан ИСМАТОВ,
орман қорғау инженері.
05 маусым 2019 ж. 1 607 0