ҚР Салық кодексінің 110, 111 бабтарында бақылау –касса машиналырын (БКМ) қолдану тәртібі туралы айтылады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 110, 111 бабтарында бақылау –касса машиналырын (БКМ) қолдану тәртібі туралы айтылады.
Қолма-қол ақшамен төлем карточкаларымен немесе ұялы байланыс төлемдері арқылы есеп айырысу кезінде барлық салық төлеушілер деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ қолдануға міндетті.
Ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызметті бастамас бұрын БКМ салық органында есепке қойылуы тиіс. Бұл рәсім фискалдық деректер операторының интернет-ресурсы немесе электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Тауар сатылғанда, жұмыс орындалғанда немесе қызмет көрсетілгенде төленген сомаға міндетті түрде БКМ чегі немесе тауар чегі берілуі қажет.
Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Салық төлеушілермен жұмыс
бөлімінің бас маманы
Әмірбекова Аида Икрамқызы




