№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тәрбиеші болу – бір бақыт!

Тәрбиеші болу – бір бақыт!

Бүлдіршіндердің бойына адалдық, адамгершілік қасиеттерін дәнін себуде тәрбиешінің орны зор. Бірақ барлығы бірдей баланың көңіліне сәуле құйып, ерекшелене бермейді. Ал біздің кейіпкеріміз Айшолпан Нұртаза «Тәрбиеші болу бір бақыт» деп санайды.


Еңбек жолын Бірлік ауылы «Нұрбақ-С» жеке балабақшасында бастап, тәжірибе жинақтады. Мұнда бес жылдан бері тәрбиеші болып жұмыс атқарып, қарым-қабілетін байқатып келеді. Әр отбасында тәлім алып 3 жасқа толғанда ата-аналар балабақшаға сеніп тапсырады. Осы тұста, тәрбиешілерге де аса сабырлық пен шыдамдылықты қажет ететін үлкен кәсіп иелері жұмыс атқарады.
Бұл мамандық иесінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ бүлдіршіндердің бойына тәрбие дәнін дарытып, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктеледі. Отбасында еркелеп, өз дегенін, қалауын орындатып қоятын ерке балалар да жоқ емес. Бір үйдің кенжесі, бірі тұла бойы тұңғышы. Бірақ, балаларға бірдей тәрбие беріп, бірыңғай тәртіпке баулитын орта – тағы да балабақша.
– Бүгінгі заманның талабына сай өнерлі, білімді, жан-жақты дамыған, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ қалыптастыру жолында жұмыс істеп келеміз. Кез келген ата-ана балаларын балабақшаға берместен бұрын «ол жерде балам не үйреніп шығады, тәрбиеші қандай болады екен?» деген сұрақтың мазалайтыны сөзсіз. Осы орайда, айта кетейін, балабақша балаға бас-көз болып қарап отыратын жер емес, балабақша балаға білмеген үйретіп, заманға сай қалыптасуына бағыт беретін орталық, – дейді кейіпкеріміз.
Сонымен қатар, білікті тәрбиешінің ұйымдастырған ашық сабақтары балалардың да, ата аналардың да есінде ерекше сақталады. Айталық, «Ана – өмір гүлі», «Алтын күз», «Тапқырлар сайысы», сынды іс-шаралар ерекше нақышпен өтіп, балалардың белсенділігін арттырып, өмірді тани түсуіне ықпал етеді.
Тәрбиешінің тәлімі балаларды жалықтырмауы үшін ойын әдісімен бергені абзал. Сосын топтық жарыстарға басымдық берудің артықшылығы көп. Бізге осы жөнінде Айшолпан Қожабекқызы айтып берді: «Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б. көптеген ерекшеліктері болады. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады».
Қорыта айтқанда, Айшолпан Нұртаза тәрбиешілік өнерді аса жауапты әрі абыройлы қызмет түріне сайнайды. Содан болар, баланың көңілін тауып, олармен бірге ойнап-күліп, дамуына жағдай жасайды.
14 ақпан 2021 ж. 654 0