№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балалар "Маша мен Аюды" емес, "Адасқан балапанды" көріп жүр

Балалар "Маша мен Аюды" емес, "Адасқан балапанды" көріп жүр


Болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. №166 мектеп жанынан ашылған "Нұр" шағын орталығының балаға тәлімді тәрбие берудегі ізденістері сүйсінтті.

Гүлхан Масантаева ұйытқы болған шағын орталықта әрбір тәлімгердің қабілетін ашуға мән беріледі екен. 3-5 жас аралағындағы балғындарды «Балдырған» және «Ботақан» тобына бөліпті. 7 тәрбиеші 45 балаға тәлімді тәрбие сіңіруге күш салуда.
– 2010 жылы мектеп жанынан ашылдық. Бөбекжайдың оқу-тәрбие жұмыстары елдің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Ұжымда тәжірибелі педагогтар бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, білімін қуыршақ театры және ән-бимен, бейнелеу өнерімен ұштастыруда, – дейді әдіскер Гүлхан Пернебекқызы.
Қазіргі таңда тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.
Әсіресе жұмысбасты ата-ананың баласы бәсекеге қабілетті болып қалыптасуында тәрбиешінің орны зор. Сондықтан олардың сабағына арнайы қатыстық. Нұргүл Ибраева есімді тәрбиеші қуыршақ театры арқылы «Бауырсақ» ертегісін көрсетуде екен. Оның образға кіріп кеткені соншалықты, ата мен әженің, қасқыр мен аюдың, түлкінің дауысына салып, бүлдіршіндерін өзіне баурады. Ара-тұра тыңдармандарына сұрақ қойып, оларды қызықтыра түсті.
– Білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды. Олай болса, мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Осы бағытта драма және дамыта оқыту технологиясы, ойын технологиясын жиі пайдаланамыз. Әзірге қуыршақ театрының репертуарында «Бауырсақ», «Адасқан балапан» ертегісі бар, – деді тәрбиеші Нұргүл Ибраева.
Тәрбиеші Бақтыгүл Әзімбаева үздік технологиялар жөнінде және балаға тигізетін әсері жөнінде айтып берді.
Ойындық технология – іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Жалпы ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады
Ақпараттық қатынастық техноло­гиясы – жаңа технология әлеміне балаға жолсерік болу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оқуды, математиканы үйрету және т.б міндеттер кіреді.
– Мектепке дейінгі мекеме балаларына үздіксіз тәрбие мен білім беруде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша тәрбиешілерінің орны бөлек. Сондықтан тәрбиелішердің үнемі байқауларға қатысып, шығармашылық қабілетін шыңдауын басшылыққа алдық, – дейді шағын орталықтың әдіскері.
Биыл бөбекжайдың тәрбиешілері арасында өткен байқау бойынша Бақтыгүл Әзімбаева «Үздік тәрбиеші» атаныпты. Ал Гүлхан Масантаева болса аудан бойынша үздік әдіскердің бірі.
Қысқасы, «Нұр» шағын орталығы балаға тәлімді тәрбие, саналы білім беру жолында ұтымды еңбек етіп келеді.

Нұрлат АЙТЖАНҰЛЫ
05 қараша 2019 ж. 890 0