№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жаңақорғанда күйді де дуэтпен орындайды

Жаңақорғанда күйді де дуэтпен орындайды

Ұлттың сарқылмас бір бөлігі – өнер. Ұлттық өнердің ажырамас бөлшегі,  өнерге дем берген аспаптың бірі – домбыра. Яғни «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізі деуге болады.  Сан ғасырдың үнін сақтаған, ұлттық кодтың кілті болған музыкалық аспапты нақышына келтіре тартатын ағайынды Айдын мен Бақбергеннің өнері көпті тамсандырады.
Домбыраның күмбірлеген қоңыр даусы үн қатқанда Ұлы дала көз алдыңа келеді. Жүйткіген тұлпардың екпіні, қылықты қыздың қылығы елестейді. Бұл – домбырадан төгілетін күйдің құдіреті.
Ағалы-інілі Оразәлі мен Құрбанның ұлдары Айдын мен Бақберген домбыраның қыр-сырын сегіз жастан меңгерген. Күй өнеріне ағайынды қос жігітті алғашқы ұстазы Туғанай Нәлтаева баулиды.
– Айдын мен Бақбергеннің домбыра сыныбында оқығанына жеті жыл болды. Ең алғаш екеуі әкелерінің ықпалымен өнер мектебінің табалдырығын аттады. Содан бәсекелі байқауларға  қатысып, жетістіктерге жетіп, мерейімізді асырып жүр. Күй сыныбында оқығаны әсер еткен болар олардың мінезі салмақты, ойлары ашық. Үнемі ізденіс үстінде жүреді. Олар қолына домбыра алғанда «Күй – көңілдің кілті» екенін ұғады, – дейді ұстазы.
– Менің домбыра сыныбына, оның ішінде күй саласына келуіме  әкем түрткі болды. Жастайымнан домбыраның шығу тарихын айтатын. Содан болар домбыраға деген қызығушылығым артып,  өнер мектебіне келдім. Осы орайда домбыра шерткеннің бәрі домбырашы емес екенін баса айту керек, – дейді Айдын.
 Оның сөзінше, домбыраны меңгергісі келген адам ұлттың тарихы мен әдебиетін жақсы білгені абзал. Осы тұрғыдан алғанда білікті ұстаздардан сабақ алып келе жатқанын мақтанышпен айтты.
– Музыка мектебінің табалдырығын аттағанда алғашқы ұстазым Туғанай  күйшілік өнерге баулыды. Құлахмет Нәлтаев та домбыраның құдіретін тануда еңбек сіңірді. Ұстаздарымның қолдауымен талай байқауларға қатысып, жүлдеге кенелдік, – дейді Бақберген.
Әнуар Әбутәліпов атындағы №209 мектептің 10-шы сыныбында оқитын жас өнерпаздардың жеткен жетістіктері де аз емес. Түгіскен балалар өнер мектебінің домбыра сыныбының үздік оқушылары ауыл атын облыстық, республикалық дәрежеде қорғап келеді. Дуэт болып өнер көрсететін Айдын  мен Бақберген қатысқан байқауларында халық композиторларының күйлері мен шығармаларын орындайды. Сондай-ақ ұстазы Құлахмет Нәлтаевтың «Жеңіс», «Мереке» күйлерін де насихаттауды ұмытпайды.
Күй өнері шертпе және төкпе күйлер болып екіге бөлінеді. Осы екі саланы да жетік меңгерген жастар «Үздік домбыра үйірмесі – 2017» байқауында дара шықты. «Менің елім – мәңгілік ел» республикалық байқауында бас жүлде алды. 8-11 сынып аралығында «Ақберен» республикалық ақындық пен шешендік өнер байқауында да жүлделі оралды. Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ат қосам дейді бәйгеге» атты аудандық байқауда үздік деп танылды. 
Күйдің тереңдігін, кемеңгерлігін ұғына білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ендеше күйді дуэт болып орындайтын ағайынды өнерпаздарға тек қана сәттілік тілейміз.
                                 
 
Лаура АЙДАРХАН
22 қыркүйек 2019 ж. 1 118 0