№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҰЛТТЫҢ РУХЫ – ДОМБЫРА

ҰЛТТЫҢ РУХЫ – ДОМБЫРА


Қазақтың болмыс-бітімі мен қадір-қасиетін танығың келсе – қос ішекті домбырасын тану керек. Мыңжылдықтар көшінің үнін, ата-бабаның арман-тілегін тыңдағың келсе – домбыраны тыңдау қажет. Қасиетті аспаппен бала кезінен сырлас өнерпаз Бесарықта тұрады. Иә, Әнел Жүсіпқызы домбырамен сырласып, бабалар үніне құлақ түріп, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген жас.


Оның сөзінше, өнер анасынан қонған.
– Анам Бағила домбырада жақсы ойнайтын. Бала кезімнен мен де домбыраға үйір болдым. Сегіз жасымда өнер мектебінің есігін ашып, қос ішекті аспапты меңгере бастадым. Нотаны танып, домбыраны шебер орындауды үйреткен Ришад Кенжебеков ағайға қарыздармын. Өнер мектебінде шағын оркестр болатын. Соның құрамында өнер көрсетіп, сахна мәдениетін меңгердім, – дейді өнерпаз қыз.
Домбырасыз ән қайда, домбырасыз сән қайда? Бұл – бұрынғының мақамы. Қазір батыстың даңғыр-дұңғыр музыкасы сананы жаулады. Жастарды елітіп, батыстық құндылықтарды сіңіруде. Мұны Әнел жақсы түсінеді.
– Батыстан қоғамымызға еніп жатқан поп, рок, рэп, джаз музыкалық стильдері жастардың бойына өз құндылықтарын сіңіруде. Домбыраның құдіретін таныған адам батыстың даңғаза музыкасына елітпейді. Өйткені домбыра – ұлттың рухы. Олай болса, «Домбыра күнін» халықтық деңгейде өткізіп, домбыра өнерін насихаттаған дұрыс дейді, – рухты өнерпаз.
Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, ұлттың тарихнамасына айналды. Қазіргі кездері археологиялық олжалар домбырашылық дәстүрдің тамыры тым әріде жатқанын пайымдайды. Бұған Хорезмде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қос ішекті аспапта ойнап тұрған музыканттардың күйдірілген саздан жасалған бейнелері куә. Ғалымдар осыдан кемінде екі мың жыл бұрынғы бұл бейнелердегі қос ішекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең кең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдейді. Осы ретте домбыраны «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір компоненті ретінде қарастырсақ, оны насихаттау аса маңызды істен саналады.
Әнел түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, бағын сынап, орындаушылық шеберлігіне мән беріп жүр. Халықаралық «Күншуақ» байқауында бірінші орын алуы соның дәлелі.
– Әнел өнер мектебінің табалдырығын үшінші сыныпта аттады. Ән айтты, биледі, оркестр құрамында күйшілік өнерін көрсетті. Сахна мәдениетін меңгеріп, орындаушылық шеберлігін арттырып, байқауларда өнер көрсетіп жүр. Әрі жетістігі де жақсы. Жалпы Әнелдің болашағынан үміт күтемін, – дейді ұстазы Ришад Кенжебеков.
Он бірінші сыныпқа өткен Әнелдің ендігі арманы кардио-хирург болу. Ең ауыр да қиын мамандықты таңдаған кейіпкеріміз осы күні Түркістан қаласында арнайы дайындық курсынан өтуде. Кейіпкеріміз медицина мамандығын таңдаса да, домбыраны үйрену әр қазақтың парызы деп санайды.

Лаура БИБАСАРОВА

24 шілде 2019 ж. 950 0